Шығыс Қазақстанда жүргізуші бір отар қойды сотқа берді
Шығыс Қазақстанда жүргізуші бір отар қойды сотқа берді
10 жыл бұрын 3645

Шығыс Қазақстанда жүргізуші бір отар қойды сотқа берді. Бұл жайында tengrinews.kz порталы YK-avto.kz сайтына, ал ол өз кезегінде соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Аталмыш порталдың мәліметінше, ШҚО-да автокөлікпен соқтығысқан қойларға қатысты сот ісі аяқталды, №2 Зырян аудандық сотының шешімімен автокөлікке келген шығынды малдың иесі өтейтін болды.

Оқиға Зырян - Өскемен тас жолында болыпты. Ер адам бірнеше қойды көлігімен қағып кеткен. Жүргізушінің айтуынша, айыр тұяқтылар жолға күтпеген жерден шығып кетіп соғылған, салдарынан оның көлігіне қатты зақым келіпті. Ал қойлардың зардап шеккен-шекпегені - белгісіз. Ер адам көліктің шығынын 170 мың теңгеге бағалап, сот алдында бірнеше адамнан жауап алынды.

"Сот залында екі тарап бейбіт келісімге келді. Арызданушы талап арызын қайтарып алды, ал жауап берушілер шығынды өтеп беруге міндеттелді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ", - делінген жарияланымда.

0 пікір
Мұрағат