ШҚО-да кәсіпкер туған ауылына медпункт салып, дәрігерге үй алып берді
ШҚО-да кәсіпкер туған ауылына медпункт салып, дәрігерге үй алып берді
6 жыл бұрын 3604 Есімжан Нақтыбай

Шығыс Қазақстанның Көкпекті ауданында шаруа қожалығының иесі туған ауылына медициналық пункт сыйлап, дәрігерге баспана алып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Туған жер» бағдарламасына өзіндік үнін қосқан «Рустам» шаруа қожалығының жетекшісі Қайрат Дүйсембаев өзі туған Ақой ауылына медицниалық пункт салып берді. Кәсіпкер дәрігерден тапшылық көріп келген жерлестерінің өтініші бойынша осы нысанда жұмыс істеуі тиіс жас маманға баспана да алып берген.  

«Қазір Ақойда 80-нен астам адам қалды. Тоқсаныншы жылдарға дейін медициналық мекеме болған. Кейін тоқырау жылдарында жұмысын тоқтатты да, ғимараты сатылып кетті. Жаңа ғимарат 4 бөлмелі. Оның құрылысына 10 млн теңге жұмсалды. Ал дәрігерге бос тұрған үйді сатып бердім», - дейді кәсіпкердің өзі.

null

Жалпы Көкпекті ауданында «Туған жер» бағдарламасына үн қосушылар саны артып келеді. Осыған дейін Тассай ауылында М.Әуезов атындағы мектептің 1998 жылғы түлектері «Жастар саябағын» салып берген болатын.

null

0 пікір
Мұрағат