|
Отбасы институтын сақтау үшін салықты арттырды
|
Өзбек билігі ажырасуға арыз бергендерден өндіріліп алынатын мемлекеттік салықты төрт есеге көтерді. Бұрын ажырасқасы келетін ерлі-зайыптылар ең төменгі жалақының 50%-ын (92 150 сум) төлеп келсе, ендігі жерде, яғни, бұдан былай 368 600 сумды қалтасынан санап беруіне тура келеді. Сондай-ақ, екінші мәрте ажырасқысы келетіндерге салынатын мемлекеттік салық мөлшері де артты - ең төменгі жалақыдан 120% өндіріледі, яғни, 221 160 сумнан 737 200 сумға дейін шығындануына тура келеді. Сөз орайы келгенде айта кету керек, бұрын да хабарлағанымыздай, аталған елде ажырасу кеңінен етек алған. Бұған көбіне бедеулік пен белсіздік себеп болып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Ұрыны ауадағы «ізі» арқылы ұстауы мүмкін