Саябақта түнеп жүрген жалғызбасты ана көмекке зәру (Видео)
Саябақта түнеп жүрген жалғызбасты ана көмекке зәру (Видео)
10 жыл бұрын 5484 www.muftyat.kz/

Алматыда екі егізден - төрт баласы бар жалғызбасты ана Әйгерім Сауданбекова қайырымды жандардың көмегіне зәру. Қазір көп балалы отбасы қаланың қақ ортасында - едені жоқ, ешқашан жөндеу көрмеген, сұп-суық пәтерді уақытша паналап отыр.

Тұңғыш егіздері - тоғызға, кейінгі егіз балалары алтыға толған жалғызбасты ана, балаларын жетектеп жүріп, көп түндерін жертөлелерде өткізген. Әркімнің босағасында қаңғып, қайырымды жандар жомарттық жасаған күні ғана жылы төсек бұйыратын балалар, бір жылда екі мектеп ауыстырып үлгеріпті. Соңғы екі аптада тіпті, бүлдіршіндер мектепке де бармаған. Бала болып ойнайтын шағында олар қайда түнейтіндіктерін ойлап, алаңдайды.

Алматыдағы ықшамаудандардың бірінде  орналасқан қараусыз қалған бұл баспанада Әйгерім балаларымен уақытша тұрып жатыр. Қожайыны қалада болмағандықтан бірнеше күн тұруға ғана рұқсат еткен. Алайда, баспана деген аты болмаса, үйді қара суық үріп тұр. Сондықтан да балалар сырт киімдерін шешпейді.  Бұл жерден кеткен соң, көп балалы отбасы қайда барарларын да білмей дал. Өйткені, мұндай жағдай үнемі қайталанып отыратын көрінеді.

ӘЙГЕРІМ САУДАНБЕКОВА, Алматы қаласының тұрғыны:

Квартираның ақшасын төлей алмағандықтан хозяйн үйден выселять етіп, заттарымды бермей, Орталық мешітте, Әл Фарабидің бойындағы Нұр Мүбәрак деген мешітте, Абылай хана Маметова паркте қонам. Таң намазында қайтадан мешітке шығып, кешке дейін сонда боламыз. Мешіттерде қондырмайды, рамазан айларында ғана рұқсат етеді.

Тоғыз сыныптық қана білімі бар Әйгерім, арасында хабарландыру арқылы әркімнің үйін жуып, тиын тебен табады екен. Онда да балаларды қараусыз ұзақ уақытқа қалдырып кете алмаймын деген ол, соңғы уақытта ондай тапсырыс та болмай қалды, - деп қапалы. Соның салдарынан күндері қара су мен қара нанға қараған балалар тамаққа жиі таласып қалады екен.

ИРИНА СОВЕТЖАНҚЫЗЫ, тілші:

Бұл - Сауданбековтер отбасының уақытша паналап келе жатқан пәтеріндегі ас бөлме. Бұл үйде балалар аяқ киіммен жүреді, өйткені, едені жоқ, қатты суық. Ал, ас бөлмеде тамақтың иісі де сезілмейді. Тек мына ұн мен нан ғана бар, оның өзін қайырымды жандар әкеп беріпті. Әйгерімнің айтуынша, балалар тәттіні анда-санда ғана жейді екен. Онда да тәттіні қолдарына көршілері ұстатса ғана.

Қазір  Әйгерім  балаларына берілетін 7500 теңге жәрдемақы мен ғана күн көріп жүр. Балалар да баспанамыз болса деп армандайды. Бірақ бүлдіршіндердің дәл қазіргі арманы - қыстың жылдам өтіп кетуі. Өйткені, жаз басталса, саябақтарда қона тұруға болатын еді, - дейді Әйгерім.

Ирина Советжанқызы, Бауыржан Нарымбетов.

31.kz

2 пікір
  • Ассалаумагалейкум уа рахметуллахи уа баракатух АЛЛА жар болсын калай хабарлассак екен
    10 жыл бұрын
    • 31 каналға қабарласу арқылы таба аласыз. Баспасөз қызметі Тел.: +7 (727) 315 29 40 E-mail: a.toyanova@31.kz "Информбюро" жаңалықтар қызметі Тел.: +7 (727) 315 95 31 E-mail: informburo@31.kz
      10 жыл бұрын
Мұрағат