Салықты қате немесе артық төлеп қойған жағдайда не істеу керек? Маман жауабы
Салықты қате немесе артық төлеп қойған жағдайда не істеу керек? Маман жауабы
5 жыл бұрын 2938 Рахила Тлеуова

ҚМ МКК Мемлекеттік қызметтер департаменті Дербес шоттарды әкімшілендіру және төлемдерді есепке алу басқармасының басшысы Динара Күшібаева салықты қате не артық төлеп қойған жағдайда не істеу керегін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Динара Күшібаеваның айтуынша, салықты артық не қате төлеп қойсаңыз арнайы мобильді қосымшалар арқылы өтініш жіберуге болады. Өтініш қаралған соң, артық кеткен ақша төленген картаның есепшотына қайтарылады.

"Салықты қате немесе артық мөлшерде төлеп қойған жағдайда Мемлекеттік кірістер комитетінің арнайы мобильді қосымшасы арқылы жеке кабинетке кіріп, өтініш жіберуге болады. Я болмаса жақын уақытта бұл сервис Egov.kz электронды үкіметтің және салық әмиянында (қосымша) жұмыс істейтін болады. Осы сервистер арқылы да ақшаны қайтару туралы өтініш жіберуге болады", - деді басқарма басшысы ОКҚ өткен онлайн-брифингте. 

Еске салайық, коронавирус пандемиясына байланысты еліміздегі шағын және орта бизнес өкілдері уақытша табыс салығынан босатылды. 

0 пікір
Мұрағат