Қызылордада түйе сүтінен сабын өндіріле бастады
Қызылордада түйе сүтінен сабын өндіріле бастады
1 жыл бұрын 4355 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қызылорда облысындағы Aral Organic кәсіпорны түйе мен ешкі сүтінен және түрлі өсімдіктер қоспасынан сабын өндіре бастады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш аймақ әкімшілігінің баспасөз қызметіне жөн сілтеген eldala.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай сабын тек тазалық талаптарын сақтауға көмектесіп қоймайды, сонымен қатар, шипалы. Дәлірегі, тері ауруларының алдын алуға және терінің құрғап, шыт жарылып кетпеуіне көмектеседі. Өзгеше сабын аталған өңірдегі «Қазақстанның ең үздік тауары – 2023» бәйге көрмесінде жұртшылық назарына ұсынылды.

«Мен бизнесімді осыдан алты ай бұрын бастадым. Қолымыздағы барды ұқсатып, көп пайдалы нәрсе жасағым келген еді. Сондай-ақ, біз жантақты пайдаландық. Біздің тек елімізде ғана емес, сонымен қатар, шетелде де сұраныс тудыратын органикалық әрі экологиялық жағынан таза өндіріс әлеуетіміз бар», деп ағынан ақтарылды Aral Organic жеке кәсіпорнының қожайыны Әрсен Күшжанов.

Қазіргі уақытта аталмыш кәсіпорында сабынның 11  түрі жасалады. Оның 3-і шипалы қасиетке ие. Сабындар хош иіс шығаратын қоспалардан, бояулардан және консерванттардан ада, яғни, табиғи қоспалардан тұрады. Өндірісте судың орнына түйе мен ешкі сүті пайдаланылады. Бұдан бөлек, кәсіпкер түйе қоректенетін тікенекті шөп сабынның рецептісін ойлап тапқан.

0 пікір
Мұрағат