Қызылордада жол апатынан қаза тапқандарды еске алып, қала көшелерімен «Қара толқын» автокеруені жүріп өтті (ФОТО)
Қызылордада жол апатынан қаза тапқандарды еске алып, қала көшелерімен «Қара толқын» автокеруені жүріп өтті (ФОТО)
8 жыл бұрын 3247 inform.kz inform.kz

«Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы» аясында 2015 жылдың 12 қарашасында Қызылорда қаласының орталық көшелерімен қара түсті жеңіл автокөліктерден құралған «Қара толқын» автокеруені жүріп өтті. 

Бұл туралы ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.

 Халық көп шоғырланатын жерлерді аралаған автокөліктер дыбыс күшейткіш құралдары арқылы қала тұрғындары мен көлік жүргізушілеріне жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулықтарын және жол жүрісі ережелерін қатаң сақтау бойынша ақыл-кеңестер айтып, түсіндірме  жұмыстарын жүргізді. Бұдан кейін, автокеруен қозғалысы Тағзым алаңында  1 минутқа аялдап, жол-көлік апаты салдарынан қыршын кеткен адамдарды еске алу мақсатында аспанға ақ, қара түсті шарларды ұшырып, рухтарына тағзым етті.

Шара одан кейін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті саябағында жалғасын тапты. Жол-көлік апатының құрбандарын еске алып, рухтарына тағзым ету мақсатында аталмыш саябақта «Еске алу аллеясының» аумағы белгіленген болатын. Осы аллеяға әкімшілік полиция қызметкерлері ағаш отырғызды.

Ерекше атап өтерлік жағдай, бүгін жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен адамдарға көмек көрсету мақсатында ерікті түрде қан тапсыру шарасы жалғасын тапты. Аталмыш шараға бұқаралық ақпарат құралдары  өкілдері де атсалысты.

2

3

4

5

0 пікір
Мұрағат