Жаһан: Жыл сайын миллиондаған адам ауаның ластығынан қайтыс болады
Жаһан: Жыл сайын миллиондаған адам ауаның ластығынан қайтыс болады
9 жыл бұрын 3154 E-ISLAM ҚазАқпарат

Жыл сайын 3 млн адам ауаның ластығынан пайда болған ауру салдарынан ажал құшуда. Алдын ала зерттеулер бойынша 2050 жылы бұл көрсеткіш 6,6 млн-ға жетеді.

Азия елдерінде ауа ластығынан қаза болуға тұрмыстық шаруашалық заттары, мәселен, көмір мен дизель, отын қалдықтары себеп болуда.

 

Мексиканың оңтүстігінде полиция еңбек құлдығынан 50-ден астам баланы босатты 

Мексиканың Федералдық полиция және прокуратура қызметкерлері Чиапас штаты Тапачулы ауданындағы кофе плантациясында еңбек құлдығында болған 50-ден астам баланы құтқарды. Кәмелетке толмағандардың барлығы және олардың ата-аналары, жалпы алғанда 18 жанұя гватемалалық азаматтыққа ие, деп хабарлады ТАСC

"Бұл 18 жанұяда жалпы алғанда 54 кәмелет жасқа толмаған бала болды", - деді Чиапастағы Гватемаланың бас консулы Эктор Сипак. Оның сөзіне қарағанда, олар аптасына алты күн 10 сағаттан кофе дәндерін іріктеп жұмыс істеген. Кофенің әр келісі үшін оларға 1,5 песо ($0,09) ғана төлеп, дұрыс тамақ бермеген.

Билік өкілдері балалар еңбегін заңсыз пайдаланғаны үшін плантация иелеріне айыппұл салды. Осыдан кейін барлық отбасылар Гватемалаға оралды.

Көфе өндіретін 12 мексикандық штаттың ішінде Чиапас алдыңғы қатарларда. Ұлттық көші-қон  институтының ақпаратынша, аймаққа ауыл шаруашылығындағы жұмыстарда істеу үшін жыл сайын  75 мың гватемалалық барады.

0 пікір
Мұрағат