ҚР ҰҚК діни экстремизмге қарсы тұру бойынша ұсыныстар қабылдауда
ҚР ҰҚК діни экстремизмге қарсы тұру бойынша ұсыныстар қабылдауда
8 жыл бұрын 3745 inform.kz Марлан Жиембай

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандықтардан Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама жобасы бойынша ұсыныстар қабылдайды. Бұл жайында ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен мәлім етті. Ведомство ақпаратына сәйкес Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның жобасын бұқаралық талқылау аясында «Қазақстан Республикасындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Оның жұмысына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Қоғамда радикалды идеологияларға деген иммунитетті және радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті одан әрі қалыптастыру мәселелері бойынша пікір алмасу жүзеге асырылды. Экстремизм мен терроризм идеяларын қолдайтын тұлғаларды дерадикалдандыру іс-шаралары қарастырылды. Дөңгелек үстелге қатысушылар Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасына нақты ұсыныстар енгізді. Құжат жобасымен ҰҚК ресми сайтында (knb.kz) және Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының (atc.gov.kz) сайтынан танысуға болады. Ұсыныстар atc@knb.kz электронды адресі арқылы қабылданады. 

 

0 пікір
Мұрағат