Қарыз иесі қайтыс болған жағдайда оның несиесін кім төлейді?
Қарыз иесі қайтыс болған жағдайда оның несиесін кім төлейді?
7 жыл бұрын 8504 Baq.kz 7 kun.kz

Қазіргі күндері қазақ қоғамында банктерден несие алатын адамдар қатары көп. Алайда, сол қарыз алушылардың қаржылық сауаты қаншалық деңгейде? Мысалы, несие алған адам кенеттен қайтыс болған жағдайда қарыз төлеу кімге міндет болмақ?

Несиесі бар адам қайтыс болған жағдайда оның несиесі мұрагерлеріне тиеселі болады. Егер мұрагер қайтыс болған адамның жылжитын, жылжымайтын мүлкіне ие болса, ол оның қарыздарына да ие болады. Мұрагері ретінде ол қарызды қайтаруға міндетті. Заң бойынша мұрагер қайтыс болған адамның мүлкіне ие болып, бірақ қарыздарынан бас тарта алмайды.

Егер қайтыс болған адамның мұрагері мұрагерліктен бас тартса онда оның қарызынан да бас тартқан болып саналады. Яғни банк қайтыс болған адамның артында қалған қарызды тек мұрагерінен ғана сұрайды. Мұрагері бола тұрып, қарызын төлеуден бас тартса банктің сот арқылы қарызды қайтаруға құқығы бар.

1 пікір
Мұрағат