Қостанай зейнеткерінен үлгі алайық
Қостанай зейнеткерінен үлгі алайық
10 жыл бұрын 3422

74 жастағы Қостанай тұрғыны Александр Чебаный гірдің тасын көтеруден алдына жан салмайды әрі жастарды салауатты өмір салтына насихаттаудан бір танған емес. Зейнет жасына шықса да ол гірдің тасын ұршықша иіреді. Оның мақсаты – Гиннес рекордтар кітабына еніп, жастарға тағы бір мәрте үлгі көрсеткісі келеді. Бұл жайында КТК телеарнасы хабар таратты.

74 жастағы біздің кейіпкеріміздің денсаулығына тек оның құрдастары ғана емес, сонымен қатар, жастар да қызығып қарайды. Оның айтуынша, спортпен бұғанасы бекіп, буыны қатпаған бала шағынан бері шұғылданып келеді. Алдымен гимнастикамен және жеңіл атлетикамен шұғылданған екен. Содан кейін гір тасын көтерумен айналысқан. 2009 жылы «Еңбегі сіңген жаттықтырушы» атағына ие болды. Оның бұдан бөлек өзге де марапаттары жетерлік. Осы уақытқа дейін 95 медал мен орденге ие болыпты: қола, күміс, ең бастысы сапа көрсеткіші болып табылатын алтын медалдарды кеудесіне көбірек таққан екен. Олардың арасында ардагер үшін үшеуінің жөні бөлек: өйткені, оларды Лондондағы Гиннес рекордтар кітабының штаб-пәтері тарту еткен. Сертификатымен. «16 келі тартатын екі гірдің тасын 75 ретке дейін көтере аламын. Егер біреуін болса, 160 ретке дейін көтеруге күшім жетеді. 10 минуттың ішінде. Біздің кейіпкеріміз осы жетістігімен тоқмейілсіп қалғысы келмейді, ол алда бағындыратын асуларының көп екенін тілге тиек етті. Осы мақсатта жатпай-тұрмай жаттығып жатыр. Бұған қоса, 150 спортшыны жаттықтырып, өзгелерге де үлгі көрсете білді. Олардың арасында спорт шеберлері мен кандидаттары бар. Шәкірттерінің есімдері күндердің күнінде Гиннес рекордтар кітабына енетініне сенімді.  

0 пікір
Мұрағат