Түркістандық көп балалы анаға тегін үй берілді (фото)
Түркістандық көп балалы анаға тегін үй берілді (фото)
6 жыл бұрын 2691 muftyat.kz

ҚМДБ Түркістан облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен қаладағы «Жұма» мешітінің жамағаты бірігіп көп балалы отбасыға баспана сыйлады.

Шаңырақ иесін құттықтай барған облыс имамы жақсы жаңалық жеткізді. ҚМДБ тарапынан атқарылатын 4 бағыттың бірі қайырымдылық екендігін, өткен жылы имамдардың араласуымен осы тапсырма аясында облыс бойынша 12 баспана берілгенін, Түркістан қаласында 2 өртенген үйге жәрдем жеткізілгенін атап өтіп, алдағы жылы тағы бір отбасыға баспана əперу жоспарда барына тоқталды, Мұсабек Ақтамберді. Сондай-ақ, игі іске атсалысып, қайырымдылық еткен «Жұма» мешітінің жомарт жамағатына береке тіледі.

Ал, 6 баласымен далада қалдырмай, отау тарту еткен жұртшылыққа Гүлназ Құдайбергенқызы:

«Балаларыммен қанша жыл пәтерден пәтер көшіп, көп қиындық көріп қиналдым. Енді міне Аллаға шүкір бұл күнге де жеттік. Барша жәрдемші болған азаматтарға Алла Тағала разы болсын»,- деп ақжарма тілегін жаудырды.

Қуанышқа ортақтасып келген ақсақалдар ақ батасын беріп, имамдар мен жергілікті жамағатқа ризашылықтарын білдірді. Құран оқылып, дəстүрге сай шүкіршілік дастарханы жайылды.

 

0 пікір
Мұрағат