ТАЛАПКЕР-2017: ӘБУ ХАНИФА МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ОҚУҒА ҚАБЫЛДАЙДЫ (ФОТО)
ТАЛАПКЕР-2017: ӘБУ ХАНИФА МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ОҚУҒА ҚАБЫЛДАЙДЫ (ФОТО)
8 жыл бұрын 6788 muftyat.kz

«ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИСЛАМИ ДІНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ

ӘБУ ХАНИФА МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІ

2017-2018 оқу жылына Алматы қаласы, Медеу ауданында орналасқан Техникалық және кәсіптік білім беру беру мақсатында ашылған колледжге оқуға түсемін дейтін талапкерлердің өтініштерін қабылдау 20 маусымнан бастап  20 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

Қазіргі таңда оқуға түскісі келетін талпкерлерге дайындық  курсы  жүріп жатыр. Келіп оқимын деушілерге есік ашық.

Мемлекеттік лицензиясы: № KZ79LAA00007509

Мамандығы: 0112000 - ИСЛАМТАНУ

Біліктілік: 0112013  -  «ИМАМ-ХАТИБ»

Оқу түрі: күндізгі

Оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай

Бітірушілерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

Медресе оқу ғимаратында кітапхана, компьютер сыныбы, лекциялық аудиториялар, асхана, жатақхана және басқа да материалдық базасымен толық қамтамасыз етілген. Медреседе жоғары тәжрибелі исламтанушы мамандармен бірге медресе қабырғасында бірнеше жылдық іс-тәжрибесі бар оқытушылар дәріс береді. Олардың ішінде шетелден шақырылған арнайы мамандар да бар.

Медресе шәкірттері емтихан нәтижесі бойынша қабылданады. 

 

ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ЕМТИХАН ШАРТТАРЫ: 

 

Колледж студенттері емтихан нәтижесі бойынша қабылданады.

Талапкерлер төмендегі құжаттарды тапсыруы қажет:

— Колледж директоры атына өтініш.

— Жергілікті имамдардың берген ұсынысы.

— Орта білімі туралы аттестат

— 086 үлгідегі дәрігерлік анықтама

— 063 үлгідегі дәрігерлік анықтама

— Психодиспансерден анықтама

— Наркодиспансерден анықтама

— Көлемі 3х4 сурет (6 дана)

— Жеке куәліктің көшірмесі.

— Әскери билеті немесе әскерге шақыру туралы куәлігі.

— Тұрғылықты жерден анықтама.

— Сотталмағандығы жөнінде анықтама.

— Конверт.

— Құжаттарды тігуге арналған іс-парағы.

 

Құжаттарды қабылдау: 20- маусынан 20-тамызға  дейін.

Қабылдау емтиханы:  Құран, Ақида-фиқһ ілімдері бойынша шығармашылық емтихан тапсырады. Қазақ тілі, қазақстан тарихынан тест.  

Мекен жайымыз: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшсі, 12.

Байланыс тел:

8 (727) 397 – 62 – 99     

+7 702 305 04 35       

+7 707 551 55 05

0 пікір
Мұрағат