Тағы бір жаңа мешіт ашылды (фото)
|
«Мешіт – бірлік пен ізгіліктің, имандылық пен бауырмашылдықтың рухани қайнар көзі. Мешіт – кез келген адамды тіліне, нәсіліне, ұлтына қарап бөлмей бастарын бір жерге тоғыстыратын рухани орталық».
ҚМДБ төрғасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Қарағайлы елді мекеніндегі мешіт ашылу салтанатында осылай деді.
«Мешіт Аллаға құлшылық жасайтын орын, әрі діни, мәдени, қоғамдық орталық. Өзге елден келген саясаткер де, елшілер де, түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері де осы мешітке атбасын тірейтін. Кейде бұл мешіт екі адам арасында туған дауға төрелік жасайтын орнын да, мұқтаж жандарға жәрдем берілетін көмек үйіне де айналып кетеді. Халыққа насихат уағыз айтатын рухани орталық та осы Алланың үйі», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.
Мешіттің ашылу салтанатына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз және Наурызбай ауданының әкімі Қуанышбек Қалиұлы, Алматы қаласының бас имамы Нұрбек Есмағанбет қатысып, ауыл тұрғындарын Алла үйінің ашылуымен құттықтады. Мешіттің бой көтеруіне демеушілік жасаған Рахат Уданұлы келген қонақтарға өз ризашылығын білдірді.
ҚМДБ наиб мүфтиі Серікбай қажы Ораз жаңа ашылған мешіте алғаш рет Құран аяттарын оқып, ата баба рухына дұға бағыштады.
Бас мүфти мешіттің бас имамы болып тағайындалған Кенжебай Әділбекұлына қасиетті Құран Кәрімді сыйға тарту етіп, алдағы қызметіне табыстар тіледі.
ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz