Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған үш кәсіпорын
Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған үш кәсіпорын
4 жыл бұрын 2865 halaldamu.kz
"Ал Халал" шұжықтары сертификатталды 

"Ал халал" сауда белгісімен танылған "ДилНур KZ" кәсіпорнының шұжықтары "ҚМДБ халал" стандарты бойынша сертификатталды.

Қордай ауданында орналасқан "ДилНур KZ" шұжық цехында "Халал Даму" мамандары тарапынан бірнеше рет бақылау жұмыстары жүргізіліп, лабораториялық тексерістің оң нәтижиесінен кейін ғана "ҚМДБ халал" сертификатын табыстау жөнінде шешім қабылданды. Сертификатты "Халал Дамудың" Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Чадаев Маратхан табыстады.

"Ал халал" сауда белгісімен 35 түрлі шұжық өнімі "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға, сатуға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты" бойынша сертификатталды.

"Ал халал" шұжықтарына берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 05.03.2021-04.03.2022

WhatsApp Image 2021-03-25 at 10.16.06.jpeg

0505 «ДилНур» ЖШС.jpg

АЛМАТЫ: "TERRITIMA" ШҰЖЫҒЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

"Al'BA Foods Company" кәсіпорнының "TERRITIMA" сауда белгісімен шығарылатын шұжығы "ҚМДБ халал" стандарты бойынша сертификатталды.

Технолог мамандар мен бақылаушы-инспекторлар тарапынан толықтай тексерілген, шұжық "Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына" сай деп танылып, "Халал Дамудың" Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Чадаев Маратхан "ҚМДБ халал" сертификатын табыстады.

"Халалды негізге ала отырып, шариғатқа сай адал әрі таза азықты халық игілігіне ұсынғандарыңызға Алла разы болсын! Сапа мен адалдықты қатар үйлестіріп, ел үміті мен сенімін ақтайсыздар деген сенімдеміз", – деген Маратхан мырза алдағы уақытта міндетті түрде бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп тұратындығын жеткізді.

"Al'BA Foods Company" шұжықтарына берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі 05.03.2021-04.03.2022

territima-varenaya-kolbasa.png

АТЫРАУ: "LANZHOU" ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Атырау қаласында орналасқан "Ланжоу Атырау" дәмханасы "ҚМДБ Халал" сертификатын алды.

"Иманғали" мешітінде "Халал Даму" мекемесінің аймақтық өкілі Қайрат Аманжолұлы "Ланжоу Атырау" мекемесі өкіліне сертификат табыс етті. "Ланжоу Атырау" дәмханасы Атырау қаласы Валиханов көшесі 2в мекенінде орналасқан.

"Халал Даму" мекемесінің мамандары жүргізген тексеру нәтижесінде аталмыш дүкендерге 2:2016 "Тамақтандыру қызметтері", 3:2016 "Халал" өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қоятын жалпы талаптар стандартына сай екендігін анықтады.

Сертификаттың жарамдылық мерзімі 04.03.2022 жылға дейін

0500 Ланжоу Атырау.jpg

WhatsApp Image 2021-03-26 at 12.03.29.jpeg

0 пікір
Мұрағат