Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
|
Атырау облысы: кәсіпорындар сертификатталды
Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысхан өңірдегі бірқатар кәсіпорындарға «QMDB Halal» сертификатын табыстады.
Атырау қаласы, а.о., Придорожная көшесі 280-де орналасқан Кәсіпорын атауы «Енжилова» ЖК. Сауда белгісі «Ақжол» ет дүкенінің Басшысы Айдынғали Ануарға ҚМДБ Халал Дамудың жаңартылған сертификаты табысталды. Сертификаттың мерзімі 24.11.2023 дейін жарамды.
Атырау қаласы, Ғ. Әліпов көшесі, 4-те орналасқан ЖК«Кулбасова» , сауда белгісі «Сыбаға» ет дүкенінің Басшысы Назира Биғалиқызына жаңартылған сертификат табысталды. Сертификаттың мерзімі 02.10.2023 дейін жарамды.
Атырау қаласы, Б. Құлманов көшесі 117-да орналасқан ЖК «Масалимова» , сауда белгісі «SARQYT» Мейрамханасының Басшысы Азамат Аймұратұлына сертификаты табысталды. Сертификаттың мерзімі 27.11.2023 дейін жарамды.
Аталмыш кәсіпорындар қоғамдық тамақтану қызметтері ЖШС СТ 96090-3-2021 стандартына сай екендігін және Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар ЖШС СТ 96090-1-2021 стандартына сай екендігін растайды
Жамбыл Облысы: сертификаттар табысталды
Жамбыл Облысында сертификаттауға өтініш білдірген кәсіпкерлерге және жаңарту жұмыстары жүргізілген кәсіпорындарға сертификаттар табысталды.
QMDB Halal сертификатын иеленген кәсіпкерлер:
1.«Dubai Mangal» тамақтану орны
2. «Кәусар»
3. «Maki-Maki Меркі»
4. «Аль-Каусар»
5. «Изюм»
6. «КАСЫМОВА ЛОЛА ОЛИМЖАНОВНА» ЖК шұжық өнімдері
Іс шараға Облыс Бас имамы қатысып, Кәсіпкерлерге жұмыстарына сәттілік тіледі!