Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
3 жыл бұрын 1971 halaldamu.kz
"Тмин" емдік-профилактикалық өнімдері сертификатталды 

"Тмин" сауда белгісімен шығарылатын, емдік шөптер негізінде дайындалған "Eco Store" кәсіпорнының емдік-профилактикалық өнімдері «QMDB Halal» сертификатына ие болды.

Кәсіпорын өкілдері мен технолог мамандардың бірлескен жұмысы нәтижесінде «Халал өнімдерді өндіру, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты» бойынша сертификатталып, «QMDB Halal» сертификаты табысталды.

"Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (с.ғ.с) жеткен хадистер мен Құран аяттарына сүйене отырып, Ислам медицинасы негізінде дайындалған "Тмин" өнімдері пайдасы мен құндылығы жоғары шипалы емдік қоспалар. Абу Саида аль-Худриден келген риуаятта Аллаһ елшісі (с.ғ.с) былай деген: «Аллаһ Тағала бірде-бір ауруды шипасыз бермеген, өлімнен басқасының емін тек зерттеуші біледі, оны надан адам білмейді". Сондықтан халал емдік өнімдер саны көп болуы тиіс" - дейді технолог Айзат Ермекқызы.

"Eco Store" кәсіпорнына берілген халал сертификаты 25.04.2022-24.04.2023 мерзімі аралығында жарамды.

«Ордабасы-Нан» ұны сертификатталды 

Түркістан облысы, Бадам ауылындағы «Ордабасы-Нан» сауда белгісімен шығарылатын ұн өнімдері сертификатталды. Сертификатты Шымкент қаласының жауапты өкілі Сарыбаев Қазбек табыстады.

«Ұн өндірісі –ауыл шаруашылығының негізгі саласы, себебі ұн күнделікті өмірде маңызды орын алатын базалық азық-түліктердің бірі. Тағам технологиясының дамыған кезеңінде қарапайым ұнның өзіне небір қоспалар қосылып,  алғашқы табиғи құрамы өзгеріске ұшырап,  табиғи құндылығын жоғалтып жатады. Осы орайда,  пайдасын сақтай отырып,  зияннан қайтару мақсатында жергілікті ауылшаруашылық өнімдерін халал стандарты бойынша сертификаттау қолға алынды.«Халал Даму» мамандарымен бірлескен жұмыс нәтижесінде «Ордабасы-Нан» ұны «Халал өнімдерді өндіру, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай деп танылды. Ұнның құрамы кәсіби мамандар тарапынан толығымен тексерілді», — дейді Қазбек Сарыбаев.

«Ордабасы-Нан» ұнына берілген «QMDB Halal»  сертификаты  04.03.2022-03.03.2023 мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Түркістан облысы, Бадам ауылы, Шопақұлы көшесі, 2.

«Orıgınal Coffee» дәмханасы сертификатталды 

Алматы қаласындағы «Original Coffee» дәмханасы «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Оңтүстік өңірге іс сапары барысында «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы аталған дәмханада бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, «Қоғамдық тамақтандыру қызметтері» стандартына сай екендігін растады.

Нәтижесінде, технолог мамандардың ұзақ мерзімді сәйкестендіру әрі тексеру шаралары мен басшылықтың тікелей бақылауынан өткен «Original Coffee»  дәмханасына «QMDB Halal»  сертификаты табысталды.

«Original Coffee» дәмханасына берілген «QMDB Halal»  сертификаты 21.04.2022-20.04.2023 мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 105.

0 пікір
Мұрағат