Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
3 жыл бұрын 1234 halaldamu.kz
«Balshifa» ара балынан дайындалған емдік өнімдер сертификатталды 

Нұр-Сұлтан қаласындағы ара балынан дайындалатын «Balshifa» емдік өнімдері «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады. 

Қасиетті Құранда балда шипа бар екендігі айтылған. «Раббың бал арасына былай деп уаһи етті: «Таулардан, ағаштардан және адам­дар салған күркелерден өзіңе ұя жаса. Сосын әртүрлі жемістермен қоректеніп, Раббыңның саған жайылуға жеңілдеткен жолымен жүр!». Араның қарнынан түрлі-түсті бал шығардық, онда адамдарға шипа бар. Әлбетте, мұнда ойланған қауым үшін ғибрат жатыр» («Нахл» сүресі, 68,69-аяттар).

Бал – құнарлы тағам, шипалы емдік өнім. Құрамында адам ағзасына өте қажетті жетпістен астам зат бар. Қазіргі таңда балды түрлі аурулардың алдын алуда жиі қолданады. Тұтынушылар сұранысына орай, халық қажеттілігін қамтамассыз ету мақсатында «Balshifa» емдік өнімдері «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай сертификатталды.

«Balshifa» емдік өнімдеріне берілген «QMDB Halal» сертификаты 05.11.2021 – 04.11.2022 мерзімі аралығында жарамды екенін хабарлаймыз!

Нұр-Сұлтан қ.: «Hani» кондитерлік өнімдері сертификатталды 

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Hani» кондитерлік кәсіпорны «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Аталған кәсіпорынның кондитерлік өнімдеріді сатуға арналған төрт орны «Қоғамдық тамақтандыру қызметтері» стандартына сай деп танылды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.

«Азық-түлік өндірісінің дамыған заманында халық жиі тұтынатын, алайда құрамына аса мән беріле бермейтін өнімдердің бірі – кондитерлік өнімдер. Түрі көздің жауын алып, дәмі тіл үйіргенімен құрамына мұқияттылық танытпаса, рұқсат етілмеген күмәнді қоспалардың кездесуі әбден мүмкін. Сол себепті, «Hani» кондитерлік кәсіпорны өндірісі аймағында тиісті бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, шикізаттары мен тағамдық қоспалары тексерілді. Санитарлық тазалығы да назарға алынып, кәсіпорын қызметкерлерінің шариғат және халал стандарты талаптарына сай өнім өндіруі қадағаланды», – дейді жауапты технолог Айзат Сатаева.

«Hani» кондитерлік өнімдерінің «QMDB Halal» стандартына толықтай сай екендігін және берілген сертификат 05.11.2021-04.11.2022 мерзімі аралығында жарамды екендігін хабарлаймыз!

Мекен-жайы:

1.Түркістан, 20;

2.Мәңгілік Ел, 45 блок J;

3.Тәуелсіздік, 39;

4. Иманбаева, 7а.

Алматы қ.: «Honmil» наубайханасы сертификатталды 

Алматы қаласында орналасқан заманауи кәсіпорындардың бірі – «Honmill» наубайханасы «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Наубайхананың 34 түрлі өнімі «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Дамудың» Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Маратхан Чадаев табыстады.

«Honmil» наубайхана өнеркәсібінің негізгі шикізаты – түрлі сұрыпты бидай ұны, артезиан суы және де қосымша шикізат көздері. «Honmil» наубайханалық дайын өнімдері сатылымға шығар алдын бірнеше сатылы тексерістен өткізіледі. Себебі, наубайхана өндірісінің маңызды кезеңдерінің бірі – өндірістің белгіленген нормаларын сақтай отырып, сапалы, әрі, халал нан өнімдерін өндіру. Осыған орай, наубайхананың өндіріс аймағында шағын лаборотория орналасқан. «Халал Даму» мамандарының қатысуымен жүргізілген аудит барысында, «Honmil» нан өнімдерінің шариғат және халал стандарты талаптарына толықтай сай екендігіне көз жеткізілді», – деп хабарлайды Маратхан Чадаев.

«Honmil» наубайханасына берілген «QMDB Halal» сертификаты 26.10.2021-25.10.2022 мерзімі аралығында жарамды екенін хабарлаймыз!

Нұр-Сұлтан: «Adal-Bereke» ет дүкені сертификатталды 

Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «Халал қызмет» кәсіпорнының «Adal-Bereke» ет дүкені «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады. «Adal-Bereke» ет дүкенінің екі сату нүктесі «Ауылшаруашылығы жануарлары мен құстарын сою» стандартына сай сертификатталды.

«Қазақ халқы қашанда дастарқандағы астың адалдығы мен құнарына мән беріп, малдың семіздігіне ғана емес, адал жолмен бауыздалуына ерекше көңіл бөлген. Адам баласының қажетіне жаратылған төрт-түлік шариғат жолымен сойылмайынша, еті адал және таза болмайды. Бүгінгі қаланың қарбалас өмірі мен қауырт күйбең-тіршілігінде өз үйінде мал соятындар аз. Сондықтан да, осындай адал мал етін сататын, шариғат талаптарына сай «халал ет дүкендері» қоғамымызға ауадай қажет. Астың адалдығы – имандылық, денсаулық һәм салауатты өмір салтының басты шарты. Ел игілігі үшін атқарылып жатқан адал кәсіптеріңізге Алла берекесін бергей!», – деген Айбек Асқарбекұлы «Adal-Bereke» ет дүкені иесіне отандық халал индустрияны дамытуға қосқан үлесіне ризашылығын білдірді.

«Халал қызмет» кәсіпорнына тиесілі «Adal-Bereke» ет дүкенінің мекен-жайы:

  • Нұр-Сұлтан қаласы, Сығанақ көшесі, 2;
  • Нұр-Сұлтан қаласы, Сабыр Рахымов көшесі, 93

«Adal-Bereke» ет дүкеніне берілген «QMDB Halal» сертификаты 04.11.2021-03.11.2022 мерзімі аралығында жарамды, әрі" «QMDB Halal» стандартына толықтай сай екендігін хабарлаймыз!

0 пікір
Мұрағат