Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
3 жыл бұрын 2405 halaldamu.kz
НҰР-СҰЛТАН: "РОМАНОВСКИЙ ПРОДУКТ" ҰН ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарына кеңінен танылған "Романовский продукт" сауда маркалы ұн өнімдері  "QMDB halal" сертификатына ие болды.  "Нур Адиль NS" кәсіпорнына тиесілі "Романовский продукт"  өнімдері "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға, сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына" сай сертификатталды. 

2007 жылы 50 ш.м цехта сэндвич өндірісімен өз жұмысын бастаған "Романовский продукт" өнімдерінің түрі қазіргі таңда 20-ға жетсе, аумағы 4000 ш.м-ге ұлғайды. "Халал Даму" мамандары  кәсіпорнының өндіріс аумағында бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, күмәнді өнімдер мен тағамдық қоспаларын лабораториялық тексерістен өткізді.

"Романовский продукт" сауда белгісімен нан және кондитерлік, кулинарлық өнім түрлері шығарылады. Нан - адам денсаулығы мен өмірі үшін  қажетті микроэлементтерді қамтитын маңызды өнім. Сол себепті, пайдасы мен адалдығын қатар үйлестіру үшін өндіріс барысында қолданылатын  шикізаттар пен қосалқы қоспалардың халалдығымен қатар, экологиялық таза болуы да назарға алынды. Сертификаттау процессінің оң қорытындысына сәйкес, "Нур Адиль NS" кәсіпорынның "Романовский продукт" сауда белгісімен шығарылатын 26 түрлі ұн өнімі "QMDB HALAL" стандарты талаптарына толықтай сай деп танылды", – деп хабарлайды аталған кәсіпорынды сертификаттаудан өткізген "Халал Дамудың" бас сарапшы-технологы Айжан Омарова.

"Нур Адиль NS" кәсіпорнының "Романовский продукт" өнімдеріне берілген "QMDB halal" сертификаты 14.07.2021- 13.07.2022 мерзімі аралығында жарамды екенін хабарлаймыз!

НҰР-СҰЛТАН: "HALEL ET DUKENI" СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарасыңда елордадағы халал кәсіпорындар тізімі тағы бір мекемемен толықты. Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 17 және Қасым Қайсенов көшесі, 2 мекен-жайлары бойынша орналасқан "Halel et dukeni"-нің 2 сауда нүктесі "QMDB HALAL" сертификаты мен қасапшы куәлігіне ие болды.  Мұсылмандардың қара шаңырағына келген кәсіпорын өкіліне "Халал Дамудың" технологы, ветеринарлық санитария ісінің маманы Данияр Сафиев адалдықты растаушы діни басқарманың арнайы сертификатын табыстады.

"Ет дүкенінің өндіріс аумағында толықтай бақылау-қадағалау шаралары орындалып, санитарлық тазалығы да қадағаланды. Ет дүкені қызметкерлеріне шариғат әдептеріне сай мал бауыздап, ет өңдеудің маңыздылығы, стандарт талаптары мен басты қағидалары, ерекшеліктері түсіндірілді. Нәтижесінде, "Halel et dukeni" "Мал бауыздау және ет өңдеу", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар" стандартына сай деп танылды", – деп хабарлады Данияр Сафиев.

"Халал Даму" мамандарының сараптауынан өткен, шариғат және халал стандарты талаптарына сай ет өнімдерін алғыңыз келсе "Halel et dukeni"-не келіңіз!

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛ.: «ALIFOOD» ЖАРТЫЛАЙ ФАБРИКАТТАРЫ СЕРТИФИКАТ ИЕЛЕНДІ 

Қарағанды қаласындағы кезекті жартылай фабрикат өнімдерін өндіретін "ALIFOOD"   мекемесі «Халал Даму» -ң арнайы сертификатын иеленді.  Аталмыш кәсіпорын «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша сертификатталды. 

Ревизорлық бақылау-қадағалау жұмыстарын "Халал Дамудың" өңірлік жауапты өкілі Ысқақ Абдрахманов жүргізіп, күмәнді деп танылған өнімдер мен тағамдық қоспалар лабораториялық зертханаға жіберілді. Барлық қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық процесс назарға алынды.

Стандартқа сәйкестендіру шаралары толықтай аяқталғаннан кейін "Қазбек би" мешітінің бас имамы, "Халал Дамудың" жергілікті инспектор-контролері Абдрахманов Ысқақ "QMDB HALAL" сертификатын табыстады.

 

 

АТЫРАУ ОБЛ.: "IRIS" ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Атырау қаласында орналасқан "IRIS" дәмханасы "ҚМДБ Халал" сертификатын алды."Иманғали" мешітінде облыс бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мен "Халал Дамудың" жергілікті өкілі Қайрат Аманжолұлы "Kair Catering" ЖШС өкіліне сертификат табыс етілді.

"IRIS" дәмханасы Атырау қаласы Тайманов даңғылы 48 мекен-жайында орналасқан. "Халал Даму" мекемесінің мамандары жүргізген тексеріс нәтижесі бойынша "IRIS" дәмханасы 2:2016 "Тамақтандыру қызметтері", 3:2016 "Халал" өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қоятын жалпы талаптар стандартына сай екендігін анықтады. Сертификат  08.07.2022 мерзіміне дейін жарамды.

 

0 пікір
Мұрағат