Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
4 жыл бұрын 2395 halaldamu.kz
ПАВЛОДАР : «BEST MILK» СҮТ ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Павлодар халқына  сүт өнімдерімен танымал болған «Best Milk» ЖШС  «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша «ҚМДБ халал» сертификатын алды.

 Аталмыш іс-шараға Павлодар облысның  бас имамы Жолдас Қоспақұлы арнайы қатысып, халал өнім өндіруге ниеттенген мекеме басшыларына сертификатты табыстап: «Халал ас  бұл дініміздің ережелеріне сай өндірілген экологиялық таза өнім. Сол себепті, өз денсаулығына қамқорлықпен қарайтындар — мұсылман болсын, өзге дін өкілі болсын, халал сертификатталған өнімдерді қолдана алады деп есептеймін. Алла кәсіптеріңізге береке берсін», деді.

«Халал Даму» Павлодар облысындағы жауапты өкілі Темірғалиев Серік және «Халал Даму» маманы  Қазыбек Какенов алдағы уақытта   «Best Milk»  сауда белгісімен шығарылатын сүт өнімдерінің (айран, қаймақ, май, құрт, ірімшік, балмұздақ, иогурт т.б) халал стандарт талаптарын сақтай отырып халал стандарттарына сай қызмет етуін қадағалайтын болады.

Северная промзона көшесі-455, мекенжайында орналасқан бұл сүт  заводының өнімдері қаладағы  біршама ірі сауда орындары арқылы сатылуда.

НҰР-СҰЛТАН Қ.: "SYBAGA" ЕТ ДҮКЕНІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Ет – ықылым заманнан қазақтың қадірлі тағамы. Үйге келген сыйлы қонаққа мал сойып, бас тарту дәстүрі соның айқын дәлелі. Бірақ, бүгінде үйір-үйір жылқы айдап, табын сиырын өріске жіберетін қазақ кемде – кем. Есесіне ата кәсіпті заманға сай етіп, арнайы ет дүкенін ашып, тұтынушыларға адал ет және ет өнімін ұсынатын сауда орындары баршылық. Солардың бірі  "Мусатаева Ж.Р" жеке кәсіпкерлігіне қарасты "Sybaga" ет дүкені "QMDB halal" сертификатына ие болды. Аталған ет дүкені "Мал бауыздау және ет өңдеу ", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар" стандартына сай деп танылды.

Жергілікті инспектор-контролерлар мен технолог, ветеринарлық санитария мамандар тексерісінің оң нәтижиесінен кейін, "Sybaga" ет дүкеніне  "QMDB halal" сертификаттау жөнінде шешіп қабылданып, сертификатты "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.

"Sybaga" ет дүкеніне берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 22.04.2021-21.04.2022 

"QMDB halal" ет және ет өнімін алам деушілерді  "Sybaga" ет дүкені Нұр-Сұлтан қаласы, Ұла Дала көшесі, 27/3 мекен-жайында күтеді. Сонымен қатар, қала ішінде жеткізу қызметі де бар.

НҰР-СҰЛТАН: "SALEMET" ЕТ ДҮКЕНІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Нұр-Сұлтан қаласы тағы да бір "QMDB halal" стандартына сай ет дүкенімен толықты.  "Salemet" атауымен тіркелген ет дүкені "Мал бауыздау және ет өңдеу", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар" стандартына сай деп танылды.  Мамандар тарапынан тиісті бақылау-қадағалау шаралары, тексеріс жұмыстары жүргізілді. Орындалған шаралардың оң нәтижиесінен кейін сертификаттау жөнінде шешім қабылданып, сертификатты "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.

Қасиетті Рамазан айында отбасыңыз бен қонақтарыңызға құнарлы және халал ет, ет өнімдерін ұсынуды қаласаңыз:  

Ет дүкені✓1 ЖК Queens Е 809/1 

Ет дүкені✓2 Иманова 41 жк Жар Жар

Ет дүкені✓3Темирказык 60 мекен-жайларына келіңіз!

"Salemet" ет дүкеніне берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 22.04.2021-21.04.2022 жылдар аралығында. Аталған ет дүкенінде сатылатын ет және ет өнімдерінің  "Халал Даму" тарапынан бекітілген стандарт талаптарына сай екендігін хабарлаймыз!

 

 

АЛМАТЫ Қ.: "META FARM" ЕТ ДҮКЕНІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Алматы қаласында орналасқан "Meta Farm" ет дүкені "QMDB halal" стандарты бойынша сертификатталды.  Аталған ет дүкені "Мал бауыздау және ет өңдеу", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға, сатуға қойылатын жалпы талаптар" стандартына сай деп танылды.  Сонымен қатар, "Meta Farm" қасапшысына "QMDB halal қасапшы" куәілігі қоса берілді.

"Meta Farm" ет дүкенінде  кәсіпорынның ауылшаруашылық фермасында бапталып, өсірілген, экологиялық таза жем-азықпен қоректенген  мал еті мен ет өнімдері ғана сатылады. Адалдық пен табиғилықты, тазалық пен ата дәстүрді ұштастыра білген кәсіпкерлер "Қазіргі таңда нарықта ет және ет өнімдері өте көп. Алайда, таза, табиғи, адал өнімдер жеткіліксіз. Біз өзіміздің фермамызда өсірген, "Бисмилләһпен" сойылған, халал талаптарына сай сақталып, тасымалданып, сатылатын, күнделікті өмірде өзіміз отбасымызбен тұтынатын ет пен ет өнімдерін ғана сатуға ұсынамыз", – дейді.

"Халал Даму" мамандары тарапынан толықтай тексерістен өткен "Meta Farm" ет дүкеніне "QMDB halal" сертификатын жергілікті жауапты өкіл Маратхан Чадаев табыстады. Алдағы уақытта міндетті бақылау-қадағалау шаралары орындалып тұратындығын ескертіп, ет дүкені жұмысына береке тіледі.

 

ҚОСТАНАЙ: "BEST BURGER" ФАСТ-ФУД ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Қостанай қаласы тұрғындарының қоржыны тағы бір "QMDB halal" өніммен толықты. Бұл жолы фаст-фуд тағамдарын әзірлейтін "Best Burger" дәмханасы "QMDB halal" талаптарына сай деп танылып, "Тамақтандыру қызметтері", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар" стандарты бойынша сертификатталды. 

"Халал Дамудың" жергілікті жауапты өкілі Алишер Балахметтің жеке бақылау-қадағалауы мен технолог мамандардың тексеріс шараларының оң қорытындысынан кейін, "Best Burger" фаст-фуд өнімдерін өндіруші "Райымбеков" кәсіпорнына "QMDB halal" сертификаты табысталды. "Фастфуд - тұтынушылардың кең қолданысы мен сұранысына ие болған өнімдердің бірі. Бүндай азық-түліктердің халал түрінің болуы уақыт пен халықтың талабы. Сол себепті, біз де өз өңірімізде халал қоғамдық асханлар мен өндіріс орындары, азық-түліктер санын арттырып қана қоймай, сапасын қадағалау мақсатында қызмет атқарудамыз. Жастардың жиі тұтынатын фаст-фуд өнімдерінің халал әрі таза болуы келешек ұрпақтың денсаулығы мен руханиятына тікелей әсер етеді деп ойлаймын. Біз ішкен-жегінімізге жіті мән беруіміз керек", – деген Алишер Балахмет халал өнім өндіруші дәмхана басшылығына өңірдегі халалдың дамуына қосқан үлестеріне алғысын білдіріп, "халал" таңбасының маңыздылығын түсіндірді.

"Best Burger" сауда белгісімен шығарылатын халал фаст-фуд өнімдері сіздерді Қостанай қаласы, Б.Майлин көшесі, 21 мекен-жайында күтеді!

0 пікір
Мұрағат