Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
4 жыл бұрын 1830 halaldamu.kz
НҰР-СҰЛТАН: "MONOCLE CAFE" КОФЕХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында елордадағы  "Monocle cafe" кофеханасы "QMDB halal" сертификатына ие болды. 

"Тоғызбаев" кәсіпкерлігіне тиесілі "Monocle cafe" кофеханасы "Тамақтандыру қызметтері", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты" бойынша сертификатталды. Аталған кәсіпорынның шариғат талаптарына сәйкестігін растайтын "QMDB halal" сертификатын "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.

"Он екі айдың сұлтаны саналған қасиетті Рамазан айында халал сертификатын иемденіп отырсыздар.  Алланың жақсылығы мен шарапатынын үміт етіп, ораза ұстап, ауызашарға жиналған көпшілікке халал ас ұсыну – жауапкершілік. Сіз бен біздің қызметіміз бен міндетіміз он екі ай бойы жалғасып, тұтынушылар көңілінен шығады деген ойдамын. Алла кәсіптеріңізге береке берсін! Рамазан айында жасаған амал-құлшылықтарымызды Жаратқан Иеміз қабыл еткей!" , – деген Айбек Асқарбекұлы кәсіпкерге алғысын айтып, алдағы уақытта қатаң бақылау-қадағалау шаралары орындалатындығын ескертті."

Өз кезегінде "Тоғызбаев" кәсіпорнының иесі "Халал Даму" ұйымына ризашылығын жеткізіп, "Monocle cafe" кофеханасы ұсынған халал өнімдердің тұтынушылар көңілінен шығатынын айтты.

АТЫРАУ: "САНЖАР ЕТ ДҮКЕНІ" СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Атырау қаласында орналасқан "Санжар" ет дүкені "ҚМДБ Халал" сертификатын алды. "Иманғали" мешітінде Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы Исаев Арманмен "Халал Даму" мекемесінің аймақтық өкілі Қайрат Аманжолұлы "Санжар" мекемесі өкілдеріне ҚМДБ Халал сертификатын табыстады.

"Санжар" ет дүкені Атырау қаласы Алмагүл ықшам ауданы 5а мекенінде орналасқан. "Халал Даму" мекемесінің мамандары жүргізген тексеру нәтижесінде аталмыш дүкендерге 1:2016 "Мал бауыздау және ет өңдеу", 3:2016 "Халал" өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қоятын жалпы талаптар стандартына сай екендігін анықтады. Сертификаттың жарамдылық мерзімі 05.04.2022 жылға дейін.

АЛМАТЫ Қ.: ТОҒЫЗ МЕШІТ АСХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Алматы қаласындағы тоғыз мешіт асханасы "QMDB halal" стандарты бойынша сертификатталды. Сертификат табыстауға Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Керімбекұлы мен "Халал Дамудың" Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Чадаев Маратхан қатысты.

Еліміздің оңтүстік ордасындағы Абдолла", "Әл-Мәдина", "Қайрат", "Альмерек", "Заря восток", "Бекет ата", "Нұр мешіті", "Аль-ғазим", "Қарағайлы" секілді тоғыз мешіт асханалары "Тамақтандыру қызметтері" және "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға, сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына сай деп танылды.

"Адалдың белгісін анықтаушы "халал" таңбасын ең алдымен еліміздегі мешіт асханалары иеленуі тиіс. Өзгенің емес, алдымен өзіміздің халыққа ұсынатын асымыз бен қызметіміздің халал стандарты талаптарына сәйкестендірген жағдайда ғана өзгеден адалдықты талап ете аламыз. Мешіт асханаларында қонақ асы, құдайы ас беретін халыққа астың адалдығына асқан ұқыптылықпен қарауға бағыт-бағдар беруіміз тиіс",– деген Еркінбек Керімбекұлы қаладағы барлық ірілі-ұсақты мешіт асханаларын түгелдей дерлік халал стандарты талаптарына сәйкестендіру күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі екендігін жеткізді.

Алматы қаласы бойынша "Халал Дамудың" жергілікті жауапты өкілі Маратхан Чадаев өңірде "QMDB halal" кәсіпорындар саны ұлғайғандығын, сонымен қатар халал өнімге тұтынушылар сұранысының да жоғары екендігін жеткізді. Санның көптігіне қарамастан бақылау-қадағалау шаралары да тұрақты түрде орындалып тұратындығын, мешіт асханалары да бақылаушылар қадағалауында болатындығын ескертті.

WhatsApp Image 2021-04-14 at 12.41.09.jpeg

WhatsApp Image 2021-04-14 at 12.43.51.jpeg

WhatsApp Image 2021-04-14 at 12.43.53 (1).jpeg

WhatsApp Image 2021-04-14 at 12.43.53.jpeg

 

0 пікір
Мұрағат