Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған екі кәсіпорын
Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған екі кәсіпорын
3 жыл бұрын 1401 halaldamu.kz
ҚОСТАНАЙ ОБЛ.: «ЖАС ҚАНАТ 2016» ҚҰС ФАБРИКАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Қостанай облысы, Рудный қаласындағы тағамдық жұмыртқа және ет өндірісімен айналысатын «Жас Қанат 2006» құс фабрикасы «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.

«Жас Қанат 2006» құс фабрикасы Қостанай облысындағы тір­шілікті жандандыра түскен кәсіпорындардың бірі. Кәсіп­орын жылына 65 миллион дана жұмыртқа өндіреді. Кәсіпорынның құ­рама­ жем цехтары да, тауық, ба­лапан тұратын корпустары да тұ­тастай еуропалық өндірушілердің жаңа технологиялық құрылғылармен жабдықталған. Барлық өндірістік үдерістердің 90% автоматтандырылған. Өндірістің автоматтандырылуы сегіз сағаттық жұмыс күні ішінде миллион жұмыртқаға дейін тасымалдауға және буып-түюге мүмкіндік береді. Микроэле­мент­терден басқа жемнің барлығы да жергілікті бидайдан дайындалады. Сондықтан «Жас Қанат 2006» құс фабрикасыда өндірілетін жұмыртқа сапасы жоғары. Дайын өнім еліміздің барлық өңірлеріне жеткізіледі, сондай-ақ Ресей, Ауғанстан, Тәжікстан және Қырғызстанға экспортталады. Кәсіпорынды сертификаттау барысында мамандарының қатысуымен өндіріс алаңында тиісті бақылау-қадағалау шаралары жүргізілді. «Жас Қанат 2006» құс фабрикасыда құстың жем-азығынан бастап, бауыздау, құс етін өңдеу, өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау процесстерінің шариғат және халал стандартқа сәйкес болуы тексерілді. Орындалған шаралар нәтижесінде акт толтырылып, технолог және шариғат мамандары «Жас Қанат 2006» құс фабрикасын «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» және «Мал бауыздау және ет өңдеу» стандарттарына сай деп таныды», – дейді Айбек Асқарбекұлы.

"SALAM BRO" ФАСТ-ФУД ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Еліміздегі ең ірі фаст-фуд желілерінің бірі "Salam Bro" кәсіпорны сертификатталды. "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы мұсылмандардың қара шаңырағы діни басқармаға арнайы келген "Salam Bro" фаст-фуд кәсіпорны өкілдеріне "QMDB Halal" сертификатын табыстады.

 "Salam Bro" – өзіндік рецептімен жылдам дайындалатын фаст-фуд өнімдерінің сан алуан түрін ұсынатын, тамақтану орындарының бірі. Халық жиі тұтынатын, сұранысқа ие кәсіпорындар мен азық-түліктерді халал сертификаттаудан өткізу аса қажет. Себебі, біздің басты мақсатымыз – тұтынушы қажеттілігін қамтамассыз ету. Осы орайда "Salam Bro" кәсіпорнының ет және нан өнімдерін дайындайтын цехы, шикізаттары мен тағамдық қоспалары түгелдей тексерілді. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне халал өнімдер технологиясы мен стандарт талаптары, халал тағамдық қоспалар мен зертханалық тексерістің маңыздылығы, өндіріс орнында шариғат талаптарын сақтау мәселелері жөнінде оқу-семинары өткізілді. Осы бағыттан таймай, алдағы уақытта адалдықтың айқын белгісі – "QMDB Halal" таңбасына лайықты түрде қызмет етесіздер сенемін!", – деген Айбек Асқарбекұлы "Salam Bro" кәсіпорны өкілдеріне алғысын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі. Өз кезегінде, "Salam Bro"  кәсіпорны өкілдері "Халал Даму" мамандары қызметін жоғары бағалап, "QMDB halal" таңбасына лайықты түрде қызмет атқаратындарын жеткізді.

"Salam Bro" фаст-фуд өнімдерінің Алматы қаласындағы 48 сауда нүктесі "Тамақтандыру қызметтері", "Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар" стандарттары бойынша сертификаттаудан өткендігін хабарлаймыз!

 

0 пікір
Мұрағат