Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған екі кәсіпорын
Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған екі кәсіпорын
3 жыл бұрын 1798 halaldamu.kz
НҰР-СҰЛТАН: "SOSEDI" ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары мен қонақтарының қоржыны тағы бір халал дәмханамен толықты. "GaBBI Partners" кәсіпорнының "Соседи" дәмханасы "Тамақтандыру қызметтері", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына" сай деп танылды. Сертификатты "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.

"Дініміз әмір еткен әрбір амал-әрекеттің белгілі мақсат-мүддесі бар. Халал сертификаттаудың да басты мақсаты – тұтынушыларға адал ас ұсынып, Алланың әміріне бойұсыну. Халал кәсіпорындар мен адал өнімдердің көбеюі күллі мұсылман жұртшылығын қуантады. Осындай ізгі амалды орындап, отандық халал индустриясын дамытып, халал дәмханалар санын арттыруға  қосқан үлестеріңізге Алла сауаптан жазып, кәсіптеріңзге береке бергей! Біздің қызметіміз сертификат табыстаумен аяқталмайды, "QMDB HALAL" сертификатының жарамдылық мерзімі аралығында "Халал Даму" мамандары тарапынан міндетті түрде бақылау-қадағалау шарлары орындалатын болады", – деді Айбек Асқарбекұлы.

"GaBBI Partners" кәсіпорнының "Соседи" дәмханасына берілген "QMDB HALAL"сертификаты 21.06.2021-20.06.2022 мерзімі аралығында жарамды екенін хабарлаймыз! Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Рахымжан Қошқарбаев көшесі, 10/1 және Жирентаев көшесі, 14.

"BAHANDI" ФАСТ-ФУД ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Алматы қаласындағы "BAHANDI" фаст-фуд өнімдері "QMDB HALAL" сертификатына ие болды. Сертификатты "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады. "Abulkhair Partners" кәсіпорнына тиесілі "Bahandi" фаст-фуд өндерінің 38 сауда нүктесі "Тамақтандыру қызметтері", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына" сай сертификатталды. 

Уақыттың тығыздығы мен өмір ағысының жылдамдығына қарай адамдар да тез тамақтануды әдетке айналдырған. Сондықтан да болар фаст-фуд өнімдері көпшілікке таңсық ас емес, керісінше уақыт тапшылығына қарамастан, тез дайындалатын тағамдардың бірі. Егер сіз жылдам қарқынмен жүруге дағдыланған болсаңыз, "Bahandi" фаст-фуд дәмханасы қарапайым, бірақ құнарлы, шариғат және халал стандарт талаптарына сай тағамдарды қол жетімді бағамен ұсынады. Кәсіпорын өндірісі мен өнімдері технолог мамандар тарапынан тексеріліп, лабороториялцқ сынақтан өткізілді. Басшылықтың тікелей қатысуымен ревизорлық бақылау шаралары жүргізілді.

"Bahandi" фаст-фуд өнімдеріне берілген "QMDB HALAL" сертификаты 15.06.2021-14.06.2022 мерзімі аралағында жарамды. Халал өніммен дәм татуға асыққан қала қонақтарымен тұрғындарын Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 241 мекен-жайы бойынша күтеді.

 ТӨРЕГЕЛДІ ШАРМАНОВ: Тамақ адамның мінезіне әсер етеді

Тамақ адамның мінезіне, генофондына әсер етеді. Мысалы, сырт елдің кока-кола, пепси-кола және де фасфудтарымен тамақтансақ, геніміз жақсармайды. Бұрындары шетелге барғанымда «бұл қандай тағам, біздің елде неге жоқ?» деп қызығып, ондай өнімдерді жеп көргенім рас. Кейін оның зиянын білген соң, мұндай тағамдарға жоламайтын болдым.

Жалпы, сырттан келетін өнімдердің халық денсаулығына келтірер кеселі өте көп. Мәселен, біз қымыз, шұбат, қымыран, бауырсақ, ірімшік, ет сияқты ұлттық тағамдарымызды жеуге тыйым салмаймыз. Себебі оның адам денсаулығына пайдалылығы баяғыда-ақ дәлелденіп қойған. Оларды тексеруден өткізбей-ақ тұтына беруге болады.

Ал, энергетикалық сусынға түбегейлі қарсымын. Оның ағзаға пайдасы бар деген пікірмен келіспеймін. Себебі адамның орталық жүйке жүйесін белсендендіріп, жұмыс істеу қабілетін арттыруға бағытталған бұл сусындардың құрамында кофеин, таурин сияқты қоспалар бар. Оларды белгілі мөлшерден көп қолданса, адамның энергиясы немесе бұрын байқалмаған қандай да бір ауруы қозады. Қозудың әсерінен адам әлсірейді. Ол бірден байқалмағанымен, уақыт өте келе тұрақты тұтынушының денсаулығы күрт нашарлауы мүмкін. Өнім адамға қосымша қуат береді деу – қате пікір. Аты «энергетик» болғанымен, заты оған сай емес. Керісінше, бойдағы бар энергияны артығымен жұмсап, түгелімен шығарады. Былайша айтқанда, адамның энергиясын өзінен «қарызға алады».

Денсаулық сақтау мамандарының мәлімдеуінше энергетикалық сусындарды жүйелі түрде қолдану жүрек-қан тамырлары жүйесі қызметінің бұзылуына, ұйқысыздық дертіне, адам ағзасының уақытынан бұрын әлсіреуіне, қан қысымының көтерілуіне әкеліп соғады. Оны жүйкесі сыр берген, гипертония, глаукомамен ауыратын адамдарға және аяғы ауыр әйелдер мен 18 жасқа дейінгі жастарға қолдануға болмайды. Мұндай ас-ауқатты сырт айналып жүргеніміз дұрыс.

Академик Төрегелді Шарманов сыйлығына өтінім беру басталды

Төрегелді Шарманұлы Шарманов (19 қазан 1930 жылы Қарағанды облысыҰлытау ауданында туған) – қазақстандық гигиенист-нутрициолог ғалым. Медицина ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткеріҚазақ тағамтану академиясының президенті. Ресей Медицина Ғылым Академиясының және Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі. ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері. Алматы қаласының және Жезқазғанның Құрметті азаматы.

0 пікір
Мұрағат