Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған екі кәсіпорын
Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған екі кәсіпорын
4 жыл бұрын 3337 halaldamu.kz
НҰР-СҰЛТАН: "LAVASH FOOD" ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары мен қонақтарының қоржыны тағы бір "QMDB halal" дәмханамен толықты. Осы жолы "LAVASH FOOD" дәмханасы "Тамақтандыру қызметтері" және "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға, сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты" бойынша сертификатталды. 

Діни басқармаға арнайы келген "LAVASH FOOD" кәсіпорны басшығына адалдықтың сертификатын табыстаған "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы: "Талғампаз тұтынушылардың талабына сай өнім түрлері мен  қоғамдық тамақтану орындар санының көбеюі халалға деген сұраныстың артқандығы деп білеміз. Санның көбеюі сылтау емес, біз үшін сапа, өнімнің адалдығы, тазалығы маңызды. Сіздерге берілген халал сертификат – сіз бен біздің абыройымыз мен жауапкершілігіміз,адалдықтың таңбасына деген сенімнің көрінісі. Біздің жұмысымыз сертификат табыстаумен аяқталмайды, алдағы уақытта міндетті бақылау, тексеру шаралары өткізіліп тұратын болады" – деді.

"LAVASH FOOD"дәмханасында бақылау-қадағалау шараларын жүргізген технолог, ветеринарлық санитария ісінің маманы Данияр Сафиев: "Сертификаттар алдын дәмханада толыққанды аудит шаралары өткізілді. Ас-ауқат даярлауда қосылатын ет өнімінен бастап, сусындарға дейін тексеріліп, қажетті деген өнімдер лабораториялық сынақтан өткізілді. Дәмхана қызметкерлері мен аспаздарына, басшылығына халалдың маңызы мен ерекшелігі, халал өнімдер технологиясы, тағамдық қоспалар жөнінде оқу-семинар, түсіндіру жұмыстары жүргізілді", – деп атқарылған жұмыс барысын баяндады.

"LAVASH FOOD" дәмханасы "Халал Дамудан" сертификаттаудан өткендігін, дәмхананың "QMDB halal" стандартына толықтай сай екендігін хабарлаймыз! Дәмханаға берілген сертификат  6.05.2021-7.05.2022 мерзімі аралығында жарамды.

ТАЛДЫҚОРҒАН: "DANAI FOOD" КОНДИТЕРЛІК ДҮКЕНІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Талдықорған қаласында  орналасқан «Danai food» кондитерлік өнімдер дүкені қасиетті Рамазан айында «QMDB halal» сертификатына ие болды. "Халал Дамудың" Талдықорған  өңірі бойынша аймақтық жауапты өкілі Мұхаммед Ордыбай «Danai food» кондитерлік дүкеннің иесі  Багжан Ибрайкызына «QMDB halal» сертификатын табыстады.

«Халал Даму» мамандары жүргізген тексеріс  нәтижесінде аталмыш дүкеннің кондитерлік  өнімдерді "Халал өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы  талаптар стандартына" сай деп танылды. Сертификат 06.04.2021-05.04.2022 мерзімі аралығында жарамды.

«Danai food» кәсіпорнына сертификат табыстаған Мұхаммед Ордыбай алдағы уақытта  айлық бақылау-қадағалау шаралары өткізіліп тұратындығын ескертті.

0 пікір
Мұрағат