Семей тұрғыны үйін «Уақып» қорына тапсырды (фото)
Семей тұрғыны үйін «Уақып» қорына тапсырды (фото)
3 жыл бұрын 1251 ummet.kz © ummet.kz

Семей қаласының тұрғыны әрі мешіт жамағаты Рахметолла Құйманұлы жомарттық танытып, үйін және жер телімін «Уақып» қорына тапсырды. Бұл жайында ummet.kz ақпарат көзі мәлім етеді.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Жомарт – Аллаға, жәннатқа және халыққа жақын, жаһаннамнан алыс. Сараң – Алладан, жәннаттан және ел-жұрттан алыс, жаһаннамға жақын» деген болатын. Семей қаласының тұрғыны осы хадиске амал еткенін көрсетті.

Айта кетейік, Семей қаласына арнайы іс-сапармен барған ҚМДБ «Уақып» қорының төрағасы Ардақ Нүсіпханұлы «Абай Құнанбайұлы» орталық мешітінің жамағатымен кездесіп, жомарттықтың қадір-қасиеті жайлы «Жомарттық – Аллаға, жәннатқа жақындататын ізгі амал» тақырыбында насихат жұмысын жүргізді.

«Уақып» қорының басшысы Рахметолла Құйманұлының аманатын қабылдап алды.

 

Дерек көзі: ummet.kz

0 пікір
Мұрағат