|
ҚМДБ адал өнімдерді стандарттау жұмысына кірісті
|
Бүгін Алматыда өткен ғылыми конференцияда Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы осылай мәлімдеді.
«Діни басқарма жанынан арнайы адал өнімдерді стандарттау бөлімін аштық. 250-ден астам имамдарымыз Ислам институтында осы сала бойынша білімдерін жетілдірді. Қазір халықтың адал өнімдерге деген сұранысы артып келеді. Алайда сол өнімдер шариғат талаптарына сай болмауда. Діни басқарма осы мәселені қолға алып, қадағалау, бақылау жұмыстарын жүргізеді. Бұған біздің мүмкіндігіміз мол», – деді Бас мүфти.
«Нұр Мүбәрак» университетінде «Халалмен қанаттан» деген тақырыппен өткен конференцияға ғалымдар, имамдар, шәкірттер, адал өнімдер шығаратын компания жетекшілері қатысты.
Бүгінде әлемнің 150 астам мемлекеті адал индустрия елдің даму жолында маңызды орын алатынын дәлелдеп, жүйесін қалыптастырып үлгерген.
ҚМДБ Баспасөз қызметі
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Мәйітті көп қабатты тұрғын үйде жерлеуге тыйым салынды