Мешіт жаз бойы еккен өнімін таратты (фото)
Мешіт жаз бойы еккен өнімін таратты (фото)
4 жыл бұрын 1773 muftyat.kz Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінен аудан имамдарына мешіт жанынан шаруашылықты дамыту, мал және егін шаруашылығымен айналысу, сол арқылы қайырымдылық көмегін жасау және имамдардың қажеттілігін өтеу туралы тапсырма берілген болатын.

Осыған орай Өскемен өңірінде бірқатар мешіттер көкөніс шаруашылығын дамытып отыр. Солардың бірі Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы «Ұранхай қажы» мешіті биылғы еккен картоп және басқа да өнімдерін жинап алды.

«Ұранхай қажы» мешіті былтырдан бері аудан әкімінің көмегімен 15 га егіндік жер алып, жыл сайын өнім алып келе жатыр. Еккен өнімдерін әлеуметтік мекемелерге, тұрмысы төмен отбасыларға таратады. «Өзіміз еккен картоп, сәбіз, қырыққабат секілді өнімдерді төкпей-шашпай жинап алып, тұрмысы төмен отбасыларға, имамдарымызға таратып беріп жатырмыз. Өз өнімдерімізбен қайырымдылық жасаудың маңызы ерекше. Тынбай еңбектенудің арқасында биыл мол өнім алдық» деді «Ұранхай қажы» мешітінің бас имамы Айдын Құсманұлы.

Көмекке ие болған отбасылар аудан мешітіне алғыс айтты.

0 пікір
Мұрағат