«MAKI-MAKI» фаст-фуд өнімдері сертификатталды
«MAKI-MAKI» фаст-фуд өнімдері сертификатталды
4 жыл бұрын 3157 halaldamu.kz

Hұр-Сұлтан, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Талдықорған, Тараз, Қаскелен, Талғар қалаларындағы «Маки-Маки» фаст-фуд өнімдері «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғимаратына арнайы келген «Eldos.kz» кәсіпорнының басшысы, белгілі вайнер Елдос Қадірхановқа «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы «ҚМДБ халал» сертификатын табыстады.

Жақында ғана «ҚМДБ халал» логотипін заңсыз пайдаланды деп жарияланған «Maki-Maki» фаст-фуд өнімдері «Халал Даму» мамандары тарапынан толық тексеруден өтіп, «Тамақтандыру қызметтері», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптарына сай деп танылды.

Сертификаттаудан өткізу үшін «Халал Даму» технологтары мен инспектор-контролер мамандар «Maki-maki» дәмханасында бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, өнімдер толықтай зертханалық тексерістен өткізілді. «Маки-Маки» фаст-фуд өнімдері «ҚМДБ халал» стандартына сай, халал екенін хабарлаймыз!

0446 Eldos.kz.jpg

_48A9665.jpg

0 пікір
Мұрағат