ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «АҚСУҚАНТ» ЖШС-НЕ ХАЛАЛ КУӘЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «АҚСУҚАНТ» ЖШС-НЕ ХАЛАЛ КУӘЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ
1 сағат бұрын 23 halaldamu.kz

Жетісу облысы, Ақсу ауданында орналасқан «АқсуҚант» ЖШС кәсіпорнына халал стандарты талаптарына сәйкестігін растайтын куәлік табысталды.

Куәлікті облыстың бас имамы Даутов Сәрсенбайұлы зауыттың бас директоры Макет Жақпарұлына салтанатты түрде тапсырды.

1967 жылдан бері тұрақты жұмыс істеп келе жатқан зауыт өңірдегі ірі өндіріс орындарының бірі саналады. Қазіргі таңда кәсіпорында 650 қызметкер еңбек етеді. Кәсіпорын жылына шамамен 100 мың тонна қант өндіреді.

Аудит нәтижесіне сәйкес, зауыттағы өндірістік үдерістер халал талаптарына толықтай сай ұйымдастырылғаны анықталды. Кәсіпорын өнім өндірісінде халал стандарттарының барлық қағидаларын сақтай отырып жұмыс атқарады.

«ХАЛАЛ ДАМУ» ӨКІЛДЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРТИФИКАТ ИЕЛЕНДІ

Түркия Республикасының астанасы Анкара қаласында өткен халықаралық оқу семинары өз мәресіне жетіп, қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Халал Даму» мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлы және мекеме мамандары – Мейіржан Бауыржанұлы, Гүлмира Маратқызы, Өміржан Тұрсынұлы “Халал аккредитациясы және персоналды сертификаттау бойынша техникалық оқу” және «OIC/SMIIC 3:2019 және OIC/SMIIC 34:2020 стандарттары бойынша халал өнімдерді аккредиттеу және персоналды сертификаттау» тақырыбындағы оқу бағдарламаларын сәтті аяқтап, арнайы сертификаттарға ие болды.

Айта кетейік, бұл оқу бағдарламасы халал аккредитациясы және персоналды сертификаттау бағытындағы кәсіби біліктілікті арттыруға, халықаралық тәжірибені меңгеруге мүмкіндік берді.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА КӘСІПОРЫНДАРҒА ХАЛАЛ КУӘЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

Шымкент қаласында бірқатар кәсіпорындарға «Халал Даму» стандарты талаптарына сәйкес халал куәлігі табысталды. Атап айтқанда, «BIO FOOD KZ» ЖШС және «Kemel Dan» ЖШС кәсіпорындары халал талаптарына сәйкестігін растап, арнайы куәлікке ие болды.

Аудит барысында өндіріс үдерістері, шикізат құрамы, санитарлық жағдай және халал стандарты талаптарының сақталуы толық тексеріліп, оң қорытынды берілді.

0 пікір
Мұрағат