Имам-молдалар туралы барлық ақпаратты енді "Е-МҮФТИЯТ" жүйесінен біле аласыздар
Имам-молдалар туралы барлық ақпаратты енді "Е-МҮФТИЯТ" жүйесінен  біле аласыздар
5 жыл бұрын 2244 Меліс Сейдахметов

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен "Е-МҮФТИЯТ" ақпараттық жүйесі құрылатын болды, деп хабарлайды  qamshy.kz ақпарат көзі muftyat.kz порталына сілтеме жасай отырып. Елордада өткен алқалы жиында Бас мүфтиге аталған жобаның жоспары таныстырылды. "Е-МҮФТИЯТ" ақпараттық жүйесіне имам-молдалардың білім деңгейі, ғылыми дережесі, ұлты, отбасы жағдайы, облыстағы мешіт саны, т.б. мәліметтер енгізілмек. – Қазір электронды технологияның дамыған заманы. Әлем электронды жүйеге көшу үдерісінде. Біз, дін қызметкерлері бұл тенденциядан қалыс қалмауымыз қажет. "Е-МҮФТИЯТ" ақпараттық жүйесі жұмыс тиімділігін арттырумен қатар, ҚМДБ Орталық аппаратының кадр қызметін оңтайландыруға оң ықпал етеді. Сондықтан осы жобаны жетілдіріп, іске қосуды тапсырамын, – деп атап өтті ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4