Имам дүкен аралап жүр
Имам дүкен аралап жүр
9 жыл бұрын 3331 Айқын-ақпарат Nur.kz

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласына қарасты Шорнақ елді-мекенінің тұрғындары дүкендерде сатылатын арақтарға жаппай тыйым салып жатыр.

Әлеуметтік желілердің бірінде қос видео пайда болды. Оны Gani Kasimov есімді желі қолданушы жариялады деп жазады Корреспондент басылымы.
Видеода имаммен бірге тұрғындар дүкендерді жекелей аралап, иелеріне шағымын айтуда. «Бала-шағаны жіберуге қорқып қалдық. Өзіміз келсек, ішіп алғандар осында отырады. Тиіседі. Ақыры соңында жаға ұстасып қаламыз» деп шағымданған тұрғындар.
Ал жергілікті имам болса дүкендерді аралап, арақ өндірушіні, оны тасушыны және сатушыны Алла Тағала лағнеттегенін, бұның ақшалай пайдасы көп болғанымен, Ақыреттік пайдасының мүлдем жоқтығын шариғат тілімен түсіндіріп, ішімдік сатпауға кеңес беріпті. 

Сондай-ақ, екінші видеода дін жолындағы адам келесі бір дүкенге кіріп, арақ сатпауға дүкеншіні көндіріп, уәдесін алған көрінеді.

1 пікір
Мұрағат