«Has et» ет дүкеніне халал сертификаты табысталды. ШҚО: Қасапшыларға сертификат берілді
«Has et» ет дүкеніне халал сертификаты табысталды. ШҚО: Қасапшыларға сертификат берілді
4 жыл бұрын 1799 muftyat.kz furqan.kz Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Теміртау қаласының халқына өзінің өнімдерімен танымал «Has et» ет дүкені «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша халал сертификатын алды.

Теміртау орталық мешітінің бас имамы Естай Айтуғанұлы дүкен басшылығына халал сертификатын табыстап, халал өнім өндіруге ниеттенгені үшін алғыс білдірді.

«Халал сертификатына ие болу – шариғаттың жоғары талаптарын сақтай отырып, өндірістеріңізді жетілдіргендеріңізді білдіреді. Жаратушы Алла қадамдарыңызды қабыл алып, сауаптан жазсын. Алла кәсіптеріңізге береке берсін!» деді Естай Айтуғанұлы.

«Халал Даму» ЖШС Қарағанды облысындағы өкілдері алдағы уақытта бұл өнімдердің халал стандарттарына сай қызмет етуін қадағалайды.

ШҚО: Қасапшыларға сертификат берілді

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі өңірдегі кәсіпкерлерге «Халал» сертификатын алудың маңыздылығын барынша насихаттап, осы бағытта нәтижелі іс-шаралар атқаруда. Жүйелі түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде Өскемен аймағында «Халал» мәртебесіне ие болған кәсіпорындар қатары ай санап көбейіп келеді.

Бұл жолы Өскемен қаласында ет сатумен айналысатын «Адал ет» дүкені «Халал» сертификатына ие болды. Сонымен қатар ет дүкенінің қасапшыларына да «Қасапшылық куәлігі» берілді. Сертификат пен куәлікт Өскемен өңірі бойынша «Халал Даму» өкілі Досжан Үмбет табыс етті.

«Аймақтан Халал өнімдер қатарына «Адал ет» өнімі өтті. Халық арасында Халал өнімдерді тұтыну көрсеткіші артып отыр. Осыған байланысты алда Халал қатарына өтетін көптеген кәсіпорындар бар. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды нәтижелі түрде жүргізіп отырмыз» дейді Д.Үмбет.

Ол сонымен қатар кәсіп иесіне берекет тілеп, атына заты сай болып, халыққа адал қызмет етуді үндеді.

ШҚО: Қасапшыларға сертификат берілді

0 пікір
Мұрағат