Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар қатары бірнеше кәсіпорынмен толықты
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар қатары бірнеше кәсіпорынмен толықты
4 жыл бұрын 3170 halaldamu.kz
СҚО: "DEZ" ҰНЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

"ҚМДБ халал" өнімдері тізімі тағы бір өніммен толықты. Осы жолы сертификатталған өнім – халық жиі тұтынатын бидай ұны.

Еліміздің астықты аймағы солтүстік өңірде шығарылатын "DEZ" бидай ұны "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтау, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына" сай деп танылып, жергілікті жауапты өкіл Курсаков Аблай кәсіпорынға "QMDB halal" сертификатын табыстады.

"DEZ" бидай ұнына берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі:15.03.2021-14.03.2022 Мекен-жайы: Петропавл қаласы, Ж.Жабаев көшесі, 237

WhatsApp Image 2021-03-26 at 16.34.45 (1).jpeg

605c36bf52bfa463919378.jpg

IMG_2884.jpg

НҰР-СҰЛТАН: "SHAURMA FOOD" ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Нұр-Сұлтан қаласындағы ең ірі фаст-фуд орталықтарының "SHAURMA FOOD" фаст-фуд өнімдері "QMDB halal" стандарты бойынша сертификатталды.

"SHAURMA FOOD" – өзіндік рецептімен дайындалатын шаурма, түрік асханасы тағамдары, шығыс ас мәзірі, балалар тағамы секілді түрлі өнім түрлерін ұсынатын, тиімді бағамен жоғары қызмет көрсетіп, дәмді ас ұсынатын қоғамдық тамақтану орны.

"Халал Дамудан" сертификаттаудан өтуге өтініш білдірген күннен бастап, дәмхана ғимараттарында бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, технолог мамандардың қатысуымен барлық шикізаттары мен тағамдық қоспалары тексерілді. Қажетті өнімдер лабороториялық зерттеуден өткізілді.

Барлық зерттеу және бақылау жұмыстарының оң нәтижиесінен кейін "SHAURMA FOOD" дәмханасына "Тамақтандыру қызметтері", "Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт" талаптарына лайық деп танылды. Сертификатты "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.

"Халық көп тұтынатын, жиі сұрайтын, сұранысқа ие кәсіпорындар мен азық-түліктер халал сертификатын алғанда ерекше қуанамыз. Себебі, біздің басты мақсатымыз – халық қажеттілігін қамтамассыз ету. Осы бағыттарыңыздан таймай, елге адал ас ұсынып, көңілдерді қуанта бересіздер деп сенемін. Біздің жұмысымыз осы жерден тоқтамайды, керісінше, енді ғана бастау алды. Алдағы уақытта технологтар мен инспектор-контролер мамандардың қатысуымен міндетті айлық тексеріс жұмыстары жүргізілетін болады", – деді Айбек Асқарбекұлы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына арнайы келген "SHAURMA FOOD" кәсіпорны басшыларына алғысын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі.

Өз кезегінде, "SHAURMA FOOD" кәсіпорны "Халал Даму" мамандары қызметін жоғары бағалап, "QMDB halal" таңбасына лайықты жұмыс жасайтындарын жеткізді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық "ШАУРМА" дәмхана нүктелері халал стандарты бойынша сертификаттаудан өткендігін хабарлаймыз!

WhatsApp Image 2021-04-02 at 17.51.55.jpeg

0522 Diba group.jpg

НҰР-СҰЛТАН: 6'INCH ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Нұр-Сұлтан қаласындағы "6inch" фаст-фуд дәмханасының тағы бір нүктесі "QMDB halal" стандарты бойынша сертификатталды.

"Сикс Инч" кәсіпорнының фаст-фуд өнімдері "Тамақтандыру қызметтері", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар" стандарты бойынша сертификатталып, халал талаптарға толықтай сай деп танылды.

Технологтар тарапынан барлық шикізат өнімдері, тағамдық қоспалары, өндіріс орны толықтай тексерілді.

"6inch" фаст-фуд өнімдерін Қорғалжын тасжолы, 8 мекен-жайынан таба аласыздар!

Берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 29.03.2021-28.03.2022 жылдар аралығында

WhatsApp Image 2021-03-30 at 16.11.11.jpeg

thumb_2053_512_0_0_0_auto.jpg

АТЫРАУ: "МЕВЛАНА" ЖӘНЕ "БІР ЖЕРДЕ" ДӘМХАНАЛАРЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Атырау қаласында орналасқан "Мевлана" және "Бір жерде" дәмханалары "ҚМДБ Халал" сертификатын алды.

"Иманғали" мешітінде "Халал Даму" мекемесінің аймақтық өкілі Қайрат Аманжолұлы аталмыш мекемелердің өкіліне сертификат табыс етілді. "Мевлана" және "Бір жерде" дәмханалары Атырау қаласы Валиханов көшесінде орналасқан.

"Халал Даму" мекемесінің мамандары жүргізген тексеру нәтижесінде аталмыш дәмханалар 2:2016 "Тамақтандыру қызметтері", 3:2016 "Халал" өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қоятын жалпы талаптар стандартына сай екендігін анықтады. Сертификаттың жарамдылық мерзімі 17.03.2022 жылға дейін.

WhatsApp Image 2021-04-01 at 11.09.35.jpeg

0 пікір
Мұрағат