Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
|
ҚАРАҒАНДЫ: «SALEM FISH» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Қарағанды қаласындағы «Salem fish» дәмханасы «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Амангелді Асқаров дәмхана аумағында бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, халал сертификатын табыстады.
⠀
«Қадағалау барысында ас әзірлеу және сақтау процесстерінде халал сертификаттары мен талаптарын сақтау маңызды екені атап өтілді. Бұл сертификаттың берілуі Қарағанды қаласында халал өнімдеріне сұраныстың артқанын және халал тағамдардың халық арасында танымал болуына ықпал ететінін көрсетеді», - дейді жергілікті өкіліміз.
«Salem fish» дәмханасына берілген халал сертификаты 12.12.2024-11.12.2025 жж аралығында бір жылға жарамды. Мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Бұқар жырау, 83/2, К9.
ШЫМКЕНТ: «АЛТЫН АДАЛ АС» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Шымкент қаласында жаңадан ашылған «Алтын адал ас» дәмханасы «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. «Халал Дамудың» Шымкент қаласы бойынша жауапты өкілі Қазбек Сарыбаев дәмхана аумағында бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, дәмхана өкіліне халал сертификатын табыстады.
Сертификаттау барысында ас мәзірінде ұсынылатын барлық тағам түрлері, олардың дайындалу әдісі мен пайдаланылатын қоспалары толықтай тексеріліп, «QMDB Halal» стандарттарына сай екені анықталды.
Сертификат табыстау рәсімінде дәмхана басшылығы тұтынушылардың сенімін ақтау және халал стандарттарын қатаң сақтау жолында тұрақты жұмыс жасайтындарын атап өтті.