Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
1 ай бұрын 496 halaldamu.kz
ҰЛЫТАУ ОБЛ.: «АДАЛ ДӘМ» КӘСІПОРНЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы Ұлытаудағы «Адал дәм» жартылай фабрикаттар дайындайтын цехта аудит жұмыстарын жүргізіп, кәсіпорын өкіліне «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

Аудит барысында цехтың өндірістік процесі, қолданылатын шикізаттар мен тағамдық қоспалар, сондай-ақ санитариялық-гигиеналық талаптардың орындалуы тексерілді. Сертификат табыстау рәсімінде Айбек Асқарбекұлы кәсіпорынның халал талаптарына сай өнім шығаруын және тұтынушылардың сенімін ақтаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Бейбіт Бақытжанұлы жергілікті тұрғындар үшін халал өнімдерді қолжетімді қылу және өңірде халал кәсіпорындар санын ұлғайту мақсатында бірқатар іс-шаралар атқарылып жатқанын жеткізді.

ҚАРАҒАНДЫ: «МАМУЛИН ПЕЛЬМЕНИ» ЖАРТЫЛАЙ ФАБРИКАТТАРЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Қарағанды қаласында «Мамулин пельмени» сауда белгісімен шығарылатын жартылай фабрикаттар сертификатталды. Сертификатты халалдың Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Амангелді Асқаров табыстады.

Сертификаттау рәсімі барысында өкіліміз «Мамулин пельмени» жартылай фабрикаттарының халал стандарты талаптарына толықтай сәйкестігін, өндіріс орнының жоғары сапа мен қауіпсіздік талаптарына жауап беретінін айтты. Сондай-ақ, аудит нәтижелері мен сертификаттау процесі кәсіпорынның өндіріс технологияларын жетілдіруге және өнімдерінің сапасын көтеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Өз кезегінде, кәсіпорын өкілі «Мамулин пельмени» халал өнімдер ассортиментін кеңейтіп, жаңа рецептерді енгізуді жоспарда бар екенін және бұл тұтынушыларға әр түрлі дәмді, сапалы және қауіпсіз өнімдер ұсынуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

ЖЕТІСУ ОБЛ.: «PARTY FOOD» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Жетісу облысы, Талдықорған қаласындағы «Party Food» қоғамдық тамақтану орны «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталды. Сертификатты Жетісу облысының бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы мен халалдың жергілікті өкілі Мұхаммед Ордыбай табыстады.

Сертификаттау рәсімі барысында өкіліміз «Party Food» жартылай фабрикаттарының халал стандарты талаптарына толықтай сәйкестігін, өндіріс орнының жоғары сапа мен қауіпсіздік талаптарына жауап беретінін айтты.

«Party Food» дәмханасына берілген «QMDB Halal» сертификаты 17.09.2024-16.09.2025 жж аралығында жарамды. Мекен-жайы: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 99.

0 пікір
Мұрағат