Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
1 ай бұрын 750 halaldamu.kz
ҚАРАҒАНДЫ: ТАҒАМДЫҚ ҚОСПАЛАР СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Қарағанды қаласындағы «Пудинов С.Л» кәсіпорнына тиесілі тағамдық қоспалар сертификатталды. Сертификатты халалдың жергілікті өкілі Амангелді Асқаров табыстады.

«Халал стандарты бойынша сертификатталуды аса қажет ететін тағам өндірісіндегі басты саланың бірі – тағамдық қоспалар.Тағамдық қоспалар –тағамдарды өндіру, өңдеу, дайындау, қаптау, тасымалдау және сақтау барысында өнімге қажетті дәм мен қалып, реңк, қоюлық немесе сұйықтық, сақталу мерзімін ұзарту секілді бірқатар технологиялық мақсатта қолданылады. «Пудинов С.Л» тағамдық қоспалары лабораториялық зертханада тексеріліп, сертификаттау шараларының оң нәтижесінен кейін ғана «QMDB Halal» сертификаты табысталды», – дейді өкіліміз.

«Пудинов С.Л» кәсіпорнына берілген «QMDB Halal» сертификаты 17.07.2024-16.07.2025 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Бытовая көшесі 7/2.

ҚАРАҒАНДЫ: ҮШ КӘСІПОРЫН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Қарағанды облысындағы «Майқұдық жұмыртқасы», «Плов в коробке», «Asyl food» кәсіпорындары «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Дамудың» Қарағанды облысы бойныша жауапты өкілі Амангелді Асқаров табыстады.

«Аталған кәсіпорындар аумағында мамандар тарапынан тиісті аудит шаралары жүргізіліп, тексерістің оң қорытындысынан кейін ғана сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды. Алдағы уақытта сертификатталған кәсіпорындарда аудит шаралары міндетті түрде орындалып тұрады», – деген жергілікті өкіліміз кәсіпорын өкілдеріне сертификат табыстап, кәсіптеріне береке тіледі.

ШҚО: «САФИН К» ЕТ ДҮКЕНІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Шығыс Қазақстан облысындағы «Сафин К» ет дүкені «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. «Халал Даму» технологы Мейіржан Бауыржанұлы мен Қуаныш Қасымханұлы ет дүкені өкіліне «QMDB Halal» сертификатын табыстады. 

«Қазақ халқы қашан да астың адалдығына мән берген халық. Соның ішінде, еттің таза әрі халал болуы – тұтынушылар үшін аса маңызды. Қала тұрғындарына адал ет ұсынып, ел игілігіне қызмет етіп жүрген сіздерге Алла разы болғай!», – деген маманымыз ет дүкені өкіліне алғысын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі.

«Сафин К» ет дүкеніне берілген халал сертификаты 02.09.2024-01.09.2025 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Шығыс Қазақстан облысы, Глубоковский ауданы, Опытнопольский ауылдық округі, Опытное ауылы, Центральная көшесі, 4.

 

0 пікір
Мұрағат