Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
|
ҚАРАҒАНДЫ: «РАЯН» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Қарағанды қаласындағы «Раян» дәмханасының жаңа нүктесі «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Амангелді Асқаров табыстады.
«Өңірімізде сұраныс пен талаптың артуына байланыста халал дәмханалар саны артуда. Бүгін, бұл тізімді «Раян» дәмханасы толықтырды. Аталған дәмханада бірнеше мәрте аудит шаралары орындалып, өнімдері мен шикізаттары, санитарлық тазалығы толықтай тексерілді. Сонымен қатар, дәмхана қызметкерлеріне халал жөнінде оқу-семинар өткізіліп, атқарылған шаралардың оң нәтижесінен кейін «QMDB Halal» сертификаты табысталды», – дейді маманымыз.
«Раян» дәмханаларының мекен-жайы: Қарағанды қаласы, А.Затаевич көшесі, 1/1 және Строителей көшесі, 33.
АЛМАТЫДА 6 КӘСІПОРЫН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Алматы қаласында бірқатар кәсіпорындарға «QMDB HAlAL» сертификаты табысталды. Атап айтқанда, «Berekeli еt», «Ет Әлемі», «Тұздық ет» ет дүкендері, «Фрукт Продукт» кондитерлік өнімдері, «Boston Kebab» және «Original coffee» дәмханалары сертификатталды.
«Халал Дамудың» Алматы қаласының жауапты өкілі Ерлан Құлмырзаұлы кәсіпорын өкілдеріне сертификат табыстап, кәсіптеріне береке тіледі. «Сертификаттау барысында технолог маманымыз кәсіпорындардың өндіріс аумағында толыққанды аудит шараларын орындап, лабораториялық тексеріс те жүргізілді. Қорытынды тексерістің оң нәтижесінен кейін екі кәсіпорынға да сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды», – дейді өкіліміз.