Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
9 ай бұрын 673 halaldamu.kz
«ES MARYA» СҮТ ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Түркістан облысы, Кентау қаласындағы алғашқы сүт өндірісі кәсіпорны сертификатталды. «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Таңат Болатұлы сертификаттау жұмыстарының оң қорытындысынан кейін, кәсіпорын өкіліне «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

«Es Marya» сүт зауыты жергілікті қала тұрғындарын ғана емес, жақын маңайдағы ауыл-аймақтарды да сүт өнімдерімен қамтып отыр. Өзге сүт зауыттарынан дайын өнімдерінің сапасымен ерекешеленеді. Сертификаттау барысында өндіріс орны тексеріліп, шикізаттары зертханада сынақтан өткізілді. Санитарлық тазалығы да қадағаланып, зауыт қызметкерлеріне халал стандарты талаптары жөнінде семинар өткізілді», – деп хабарлайды өкіліміз.

«ES-Marya» сүт зауытына берілген «QMDB Halal» сертификаты 20.02.2024-19.02.2025 жж аралығында жарамды. Мекен-жайы: Түркістан облысы, Кентау қаласы, Бейбітшілік көшесі, 1.

«KARAK HOME» ШӘЙХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Қарағанды қаласындағы «Karak Home» шәйханасы «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Амангелді Асқаров табыстады.

«Карак шәй дегеніміз – кардамон қосылған, қайталанбас дәмі мен иісі бар, адам денсаулығына өте пайдалы, араб жерінде өсетін түрлі шәйлардың қоспасы. Мұндай бағыттағы шәйхана Қарағанды қаласында алғаш рет ашылды. Сондықтан да, «Karak Home» шәйханасын сертификаттау барысында бірқатар шаралар атқарылып, өндіріс барысы, қолданыстағы шикізаттары түгелдей тексерілді. Бірнеше этапты тексерістің оң қорытындысынан кейін сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды», – дейді өкіліміз.

«Karak Home» шәйханасының мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Дүйсембеков көшесі, 53/8.

 

«ҚҰЛАГЕР» ЕТ ДҮКЕНІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Түркістан қаласындағы «Құлагер» ет дүкені сертификатталды. Қаладағы ең ірі ет дүкендерінің бірі – «Құлагер» халал стандарты талаптарына сай деп танылып, жергілікті өкіліміз Таңат Болатұлы «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

«Қазақ халқы қашан да астың адалдығына мән берген халық. Соның ішінде, еттің таза, әрі, халал болуы – тұтынушылар үшін аса маңызды. Қала тұрғындарына адал ет ұсынып, ел игілігіне қызмет етіп жүрген сіздерге Алла разы болғай!», – деген Таңат Болатұлы ет дүкені өкіліне алғысын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі.

«Құлагер» ет дүкенінің мекен-жайы: Түркістан қаласы, Амангелді Төлегенов көшесі, 2Б.

0 пікір
Мұрағат