Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
11 ай бұрын 1059 halaldamu.kz
АСТАНА : «KARAMELO» КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Астана қаласындағы «Karamelo» кондитерлік өнімдері халал стандартына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.

«Кондитерлік өнімдер асқан ыждағаттылық пен мұқият тексерісті қажет етеді. Мамандармен бірлескен жұмыс оң нәтижесін көрсетіп, сертификат беру жөнінде шешім қабылданды. Аудит барысында тағамдық қоспалары, шикізаттары толықтай тексеріліп, кәсіпорын қызметкерлеріне семинар өткізілді», – деп хабарлайды жауапты маманымыз.

«Karamelo» кондитерлік өнімдеріне берілген халал сертификаты 23.01.2024-22.01.2025 мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Астана қаласы, Е-899 көшесі, 1/1.

«PAMPUSHKA» КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Астана қаласындағы «Pampushka» кондитерлік өнімдеріне «QMDB Halal» сертификаты табысталды. Аталған кәсіпорынның 69 түрлі өнімі «Халал өнімдерді өндіруге, сақтауға, тасымалдауға, қолдануға» арналған халал стандарты талаптарына сай сертификатталды.

«Бірлескен жұмыстардың оң нәтижесінен кейін, өнімдеріңіздің адалдығын растайтын маңызды құжатқа ие болып отырсыздар. Алдағы уақытта да «адалдық» таңбасына қиянатсыз қызмет етесіздер деп сенемін. Алла кәсіптеріңізге берекесін беріп, тұтынушыларыңыз мол болғай!», – деген Айбек Асқарбекұлы халал сертификатын табыстап, кәсіпорын өкіліне сәттілік тіледі.

«Pampushka» кондитерлік өнімдеріне берілген «QMDB Halal» сертификаты 23.01.2024-22.01.2025 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Астана қаласы, С.Разина көшесі, 18Б.

БҚО: «ALL OF BURGER» СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Батыс Қазақстан облысындағы «ALL OF BURGER» тамақтану орны сертификатталды. Жұма намазға жиналған жамағат алдында облыстың бас имамы Самат Қанатқалиұлы мен жергілікті өкіл Асхат Асылбеков «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

«Халықтың талабы мен сұранысының нәтижесінде өңірімізде халал кәсіпорындар саны артып келеді. Бүгін міне, халал дәмханалар тізімі «ALL OF BURGER» тамақтану орнымен толығуда. Сан мен сапаны қатар ұстайтын біздің мамандар алдағы уақытта да өз жұмыстарын жоғары деңгейде атқара бермек. Ал, «ALL OF BURGER» кәсіпорнын адалдық таңбасына бізбен бірге адал қызмет етуге шақырамыз. Алла, дайындаған әрбір тағамдарыңыз бен ұсынған астарыңызға берекесін беріп, халықтың ықыласы мен батасына бөленген кәсіпкерлерден қылғай», – деген бас имам, аталған кәсіпорын өкіліне ризашылығын білдірді.

«ALL OF BURGER» тамақтану орнына берілген «QMDB Halal» сертификаты 26.01.2024-2.01.2025 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Орал қаласы, Абай даңғылы, 59/1

АЛМАТЫ Қ.: 6 КӘСІПОРЫН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Алматы қаласындағы «Аброй Групп» және «Nur-Mak.ko» шұжық өндірісі, «Waffle», «Del Cappuccino», «Master coffee» тамақтану орындары, «Asatu» кондитерлік цехы халал стандартына сай сертификатталды. Әр кәсіптің басын ұстаған белді кәсіпкерлер жергілікті өкілдікке жиналып, ресми түрде «QMDB Halal» сертификаты табысталды. 

Кәсіпкерлерге халал сертификатын табыстаған жергілікті өкіліміз Ерлан Тайлақов: «Адалдықтың анық белгісі – «QMDB Halal» сертификаты сенім мен тазалықтың символы іспеттес. Күллі мұсылманның сенімі артылған халал сертификаттарыңыз құтты да, берекелі болсын! Кәсіптеріңіз өрлеп, істеріңіз дами бергей! Алдағы уақытта тұрақты аудит жұмыстарын орындап, бірлескен жұмыстарымызды жалғастырамыз деп сенемін!», – деді.

0 пікір
Мұрағат