Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
1 жыл бұрын 1086 halaldamu.kz
Қостанай облысы: "QARASU ET" қасапханасы сертификатталды

«Халал Дамудың» Қостанай облысы бойынша жауапты өкілі Әлішер Балахмет «QARASU ET» қасапханасына «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

Тексеріс барысында мал бауыздау және союға қатысты қойылатын ҚМДБ халал стандарты талаптарының орындалуы мен сақталуы назарға алынды. Малды қолмен, әрі, «Бисмиллаһ» айтып бауыздауы, мал сою барысында өткір, қалыңдығы мен ұзындығы стандартқа сай пышақты қолдануы, бір малдың көзінше өзге малды соймауы, қинамауы,  малды бауыздағаннан кейін қан ағызу ұзақтығының бекітілген уақытқа сәйкес келуі, мал етін өңдеу, сақтау, сату, тасымалдау секілді процесстердің барлығында халал стандарт талаптарының жүйелі жүзеге асуы ескерілді.

Сертификаттың мерзімі 06.06.2024 дейін жарамды.

Астана қаласы: «Сәнді macarons» кондитерлік өнімдері сертификатталды 

ҚМДБ-ға қарасты «Халал Дамудың» бас маманы Айжан Қалмаханқызы «Сәнді macarons» кондитерлік өнімдеріне «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

Аталмыш кәсіпорын халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар ЖШС СТ 96090-1-2021 стандартына сай екендігін растайды.

Мекен-жайы: ҚР, Астана қаласы, Әл-Фараби, 4.

Сертификаттың мерзімі 13.08.2024 дейін жарамды. 

Астана қаласы: «Фирма «АЛ и КС» ұн өндірісі сертификатталды 

ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы «QAZYNA» ұн өнімдеріне «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

Аталмыш кәсіпорын халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар ЖШС СТ 96090-1-2021 стандартына сай екендігін растайды.

Мекен-жайы: ҚР, Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Өндіріс көшесі, 24А;

Сертификаттың мерзімі 08.08.2024 дейін жарамды. 

Алматы қаласы: «Конфетики-бараночки», «SLADESSO» кондитерлік өнімдері сертификатталды 

«Халал Дамудың» Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Чадаев Маратхан «Конфетики-бараночки»«SLADESSO» сауда белгісімен танымал кондитерлік өнімдерінің өндірушісі «Рябкова» ЖК сертификат табыстады.

Аталмыш кәсіпорын ЖШС  СТ 96090-1-2021  Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына сай екендігін растайды.

Кәсіпорын мекен-жайы: Алматы қаласы, Самғау ш/а, Жанарқа көшесі, 10/6.

Сертификаттың жарамдылық мерзімі 15.06.2024 жылға дейін.

Астана қаласы: «Korica» кафесі сертификатталды 

ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы қасиетті жұма күнінде «Korica» кафесіне «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

Аталмыш кәсіпорын халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар ЖШС СТ 96090-1-2021 стандартына сай екендігін растайды.

Мекен-жайы: ҚР, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 56.

Сертификаттың мерзімі 21.06.2024 дейін жарамды.

Астана қаласы: «AURA» ресторандары сертификатталды 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы «AURA» ресторандарына «QMDB HALAL» сертификатын табыстады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына етене таныс «AURA» ресторандары Халал Даму мамандарының тексерісінен өтіп, «Қоғамдық тамақтандыру қызметтері ЖШС СТ 96090-3-2021» стандартының талаптарына сай екендігі расталды. Қоғамдық тамақтандыру орны бұдан былай Халал Дамудың мамандары тарапынан үнемі бақыланатын болады.

Сертификат 25.06.2024 жылға дейін жарамды.

Мекен-жайлары: 

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 29; 

Астана қаласы, Арай көшесі, 29а.

Астана қаласы: "Мясной №1" ет дүкені сертификаталды 

«Халал Даму» бас сарапшысы Данияр Сафиев «Мясной №1» ет дүкеніне «QMDB HALAL» сертификатын табыстады.

Ет дүкенінің халал стандарттарына сай қызмет ету ниетіне байланысты және арнайы тексерістер жүргізілді. Сатылатын барлық ет өнімдерінің нормативтік құжаттары тексерілді.

«Мясной №1» ет дүкеніне берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 20.07.2023 - 19.07.2024

«Мясной №1» ет дүкенінің мекен-жайы: 

Қабанбай батыр даңғылы, 38/1, ВП-9

М.Ғабдуллин көшесі 12/1

Ә.Бөкейхан көшесі, 40, ВП-5

Күйші Дина көшесі 28, ВП-1

Өскемен қаласы: «JASTABAN» тамақтану орны сертификатталды 

«Халал Дамудың» Өскемен қаласы бойынша өкілі Үмбет Досжан «JASTABAN» кәсіпорнына жаңартылған «QMDB Halal» сертификатын табыстады. 

Аталмыш кәсіпорын ЖШС  СТ 96090-1-2021  Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына сай екендігін растайды.

Кәсіпорын мекен-жайы: Өскемен қаласы, Самар тас жолы, 20/3.

Сертификаттың жарамдылық мерзімі 24.05.2024 жылға дейін.

Жамбыл Облысы: біршама кәсіпорындар жаңадан сертификаттаудан өтті, және сертификаттарын жаңартты 

 Жаңадан сертификат алған кәсіпорындар :

"Адал" ЖК Adal Chicken фаст фуд өнімдері

 "Адал" ЖК Бауырдақ дәмханасы 

"Аса Агро" ЖШС Asa Kus құс фабрикасы 

Сертификат жаңартқан дәмханалар:

 ALIF GROUP қа тиесілі 

Kish mish 

Marvarid

Ristretto  

Кәсіпкерлерге сәттілік тілеп,  Адал ас дайындауда мұқият болуылары тапсырылды 

Жамбыл облысы: сертфикаттар табысталды 

 Тараз қаласында жаңадан сертификаттаудан өткен кәсіпорындармен,сертификатын жаңартқан кәсіпорындарға сертификат табысталды. 

Сертификат жаңартқан кәсіпорындар:

"Исмаилов" ЖК шұжық өнімдері 

"Пазиева" ЖК шұжық өнімдері 

"Шамахсутов" ЖК Шах шұжық өнімдері 

Жаңадан сертификаттаудан өткен кәсіпорындар:

"BM AGROPRODUCT" құс фабрикасы 

Сонымен қатар 4 қасапшыға куәліктері табысталды!

0 пікір
Мұрағат