Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
|
Алматы қаласы: кәсіпорындар сертификатталды
Алматы қаласының Бас Имамы Төлеби Оспан жаңадан сертификат алған "Kelinka" кафесі мен "Zakaz plova" мекемесіне сертификат табыстады. Сонымен қатар Алматы қаласында алғашқы бала бақша Халал сертификатына ие болды.
Аталмыш кәсіпорындар халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар ЖШС СТ 96090-1-2021 стандартына сай екендігін растайды.
Ақтөбе облысында кәсіпорындарға сертификаттар табысталды
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы жергілікті жамағат алдында кәсіпорындарға сертификаттарды табыстады. «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Жарасхан Абдусаламов Ақтөбелік қасапшыларға қасапшылық сертификаты мен куәлігін табыстады.
«Адал», «Afsona» тамақтану орындары, «Maki Maki» фаст-фуд өнімдері және «Қазақ мейрамханасы» сертификаттарын жаңартты. Аталған кәсіпорындар аумағында тиісті бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, бекітілген халал талаптарына толықтай сай екендігі анықталды.
Жергілікті өкілдің Жарасхан Абдусаламовтың бақылауымен сертификатталған кәсіпорындарда кезекті және кезектен тыс аудит шаралары орындалатын болады.
Куәліктер қасапшылардың өткен желтоқсан айында ҚМДБ Халал стандарттау бөлімі мал бауыздау және ет өңдеу саласындағы Халал стандарты бойынша «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» атты оқу семинарын тәмамдағандығын растайды. «Мал бауыздау және ет өңдеу» стандарт ережелерін толық сақтау шартымен фирма қасапшыға халал мал бауыздау құқығын береді. Ал қасапшы мал бауыздау рәсімін адал ниетпен атқаруға, стандарт ережелерін сапалы түрде орындауға, өндірістік тәртіпті және заңнамаға сәйкес ережелерді сақтауға міндетті.