Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
|
«Нәтиже-тәтті» ЖШС кондитердік өнімдері «ҚМДБ халал» сертификатын иеленді
Қарағанды облысында орналасқан «Нәтиже-тәтті» ЖШС кондитердік өнімдері «ҚМДБ халал» сертификатын иеленді. Бұл уақытқа дейін тек сүт өнімдерін өндіріп келген кәсіпорынның жаңа табиғи өнімдеріне арнайы тексеріс жүргізіп, тиісті құжаттарын рәсімдеген «Халал Даму» ЖШС-ның Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Ысқақ Рахимбекұлы халал сертификатын ресіми түрде табыстады.
Бақылау жұмыстары барысында кәсіпорынның өндірістік жабдықтары, зертханасы, ішкі тазалығы тексерілді. Сондай-ақ қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық жұмыс процесі тексерілді.
ҚМДБ «Халал даму» мекемесінің мамандары жүргізген тексеріс нәтижесі бойынша кәсіпорынның халал өнімдерін өндіруге, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына сай екені анықталды.
Алматы облысы: кәсіпорындарға сертификаттар табысталды
Алматы облысы бойынша Бас имам Мадияр Тағайбайұлы Пірімқулов және «Халал Даму» ЖШС өкілі Жұмабеков Жанәбіл кәсіпорындарға «QMDB Halal» сертификатын табыстады.
- «Maki Maki» (Қапшағай қаласы, 3 ықшам ауданы, 19 Б)
- «АзияАгроФуд» АҚ (Қарасай ауданы, Шамалған бекеті, Сүйінбай көшесі, 2)
- «Empire Food (Империя Фуд)» қасапханасына (Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Шолаққарғалы а.о., Қасымбек ауылы, Алматы-Бішкек тас жолы, 44 км, 1 ғимарат)
Алматы қаласы: «ULTTYQ ET» ет дүкені сертификатталды
Алматы қаласы «ULTTYQ ET» ет дүкеніне «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификат табысталды.
Ет дүкенінің халал стандарттарына сай қызмет ету ниетіне байланысты және арнайы тексерістерден кейін, «Халал Даму» ЖШС-нің директоры Айбек Асқарбекұлы мекеме басшылығына арнайы құжатты табыс етті.
«ULTTYQ ET» ет дүкеніне берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 13.12.2022 – 12.12.2023.
«ULTTYQ ET» ет дүкенінің мекен-жайы: Алматы қаласы, Орбита-2 ықшам ауданы, 9.
Жамбыл Облысы: сертификаттар табысталды
Халал стандарттау және сертификаттау бойынша Жамбыл Облысы Өкілдігі кәсіпорындарға сертификат табысталды!
Алғашқы сертификат алғандар:
ЖК Байданов шұжық өнімдері
ЖК Аширов Шұжық өнімдері
ЖК Kraft ( Кәусар) Дәмханасы
Сертификат жаңартқан мекемелер:
ЖК Исаев шұжық өнімдері
ЖК Азимов Азим шұжық өнімдері
ЖК Марьям Шұжық өнімдері
Кәсіпорын басшыларына арнайы Халалдаму директорының алғысымен қатар Мерекелік Құттықтау сөзін жеткіздік