Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
3 жыл бұрын 1471 halaldamu.kz
Алматы қ.: «CHEF’s» рестораны сертификатталды 

Алматы қаласындағы «CHEF’s» рестораны «QMDB halal» сертификатына ие болды. Сертификатты «Халал Дамудың» Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Маратхан Чадаев табыстады.

«CHEF’s» рестораны – өзіндік рецептімен дайындалған ерекше тағам өнімдерін тиімді бағамен ұсынатын қоғамдық тамақтану орны. «Халал Дамудан» сертификаттаудан өтуге өтініш берілген күннен бастап, ресторанның өндіріс аймағында бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, технолог мамандардың қатысуымен барлық шикізаттары мен тағамдық қоспалары тексерілді. Қажетті өнімдер лабороториялық зерттеуден өткізілді. Барлық зерттеу және бақылау жұмыстарының оң нәтижиесінен кейін «CHEF’s» рестораны «Қоғамдық тамақтандыру қызметтері», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптарына лайық деп танылды. Берілген сертификат 04.02.2022-03.02.2023 мерзімі аралығында жарамды.

«CHEF’s» ресторанының мекен-жайы: Алматы қаласы, Назарбаев көшесі, 139

Нұр-Сұлтан қ.: «Мясорубка» ет дүкені сертификатталды 

Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «Мясорубка» ет дүкені «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Аталған ет дүкені «Мал бауыздау және ет өңдеу», «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, сатуға және тасымалдауға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай сертификатталды.

«Өнімдердің өндірілуі, өңделуі, дайындалуынан бастап барлық процесс толықтай қадағаланды. Дайын өнімдердің тасымалдануы, жеткізуші техникалық құралдар, сату орны, қызметкерлердің халал стандарты талаптарын сақтауы, санитарлық-тазалық мәселесі толықтай тексерілді. Аудит шаралары толықтай аяқталғаннан кейін, сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды», – деп хабарлайды ет дүкенінде бақылау-қадағалау шараларын жүргізген «Халал Даму» маманы Данияр Бақзейнелұлы

«Мясорубка» ет дүкенінің мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қ., Жүргенов көшесі, 34.

 

0 пікір
Мұрағат