Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
3 жыл бұрын 1475 halaldamu.kz
Ақтөбе обл.: «Рокос» шұжық өнімдері сертификатталды 

Ақтөбе облысындағы «Рокос» кәсіпорнының шұжық өнімдері «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Сертификатты облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен «Халал Дамудың» жергілікті жауапты өкілі Жарасхан Абдусаламов табыстады.

 «Ақтөбе облысында азық-түлік өндірісі жылдам қарқынмен дамып келеді. Жыл сайын өңірде тамақ өнеркәсібі бағытындағы жаңа кәсіпорындар ашылып, ежелгі өнеркәсіптер өндіріс ауқымын кеңейтуде. Өңірдегі сондай ірі кәсіпорындардың бірі – «Рокос» шұжық өндіру цехы. «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификаттаудан өтуге өтініш білдірген, шұжық өндіруші кәсіпорында тыңғылықты тексеріс жұмыстары жүргізілді. Аталған кәсіпорынның шұжық өнімдерін өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау, сақтау, сату кезеңдері түгелдей қадағаланып, шикізаттары мен тағамдық қоспалары молекула-гентикалық зертханасында сынамадан өткізілді» , – дейді Жарасхан Абдусаламов.

«Рокос» шұжық өнімдері толықтай тексерілгендігін және «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай екендігін хабарлаймыз!

Нұр-сұлтан қ.: «Master coffee» дәмханасы сертификатталды 

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Master coffee» дәмханасы «QMDB halal» сертификатына ие болды. Сертификатты «Халал Дамудың» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.

«Халал Дамудан» сертификаттаудан өтуге өтініш білдірген күннен бастап, дәмханада тиісті бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, технолог мамандардың қатысуымен барлық шикізаттары мен тағамдық қоспалары тексерілді. Қажетті өнімдер лабороториялық зерттеуден өткізілді. Барлық зерттеу және бақылау жұмыстарының оң нәтижиесінен кейін «Master coffee» дәмханасы «Қоғамдық тамақтандыру қызметтері» халал стандартына лайық деп танылды. «Халал – адалдық пен тазалықтың таңбасы. «QMDB halal» стандарты бойынша сертификаттаудан өткендеріңізге Алла разы болсын! Алла кәсіптеріңізге береке берсін!» – деген Айбек Асқарбекұлы «Master coffee» дәмханасы басшылығына ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта мамандар тарапынан міндетті тексеріс жұмыстары жүргізілетінін ескертті. 

«Master coffee» дәмханасы өкілі де өз кезегінде «Халал Даму» мамандарына алғысын білдіріп, ұжым жұмысына сәттілік тіледі.

0 пікір
Мұрағат