Халал сертификаты берілді
|
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі халал өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың басшыларына Діни басқарманың сертификатын табыстады.
«Халал өнімді өндіру қоғамдағы ең өзекті мәселе. Халықтың денсаулығы, рухани болмысы күнделікті тұтынып жүрген тағамға тікелей байланысты. Сондықтан халал өндірісті дамытудың орны ерекше. Осы мәселелерді бір жолға қою үшін алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс жасай береміз», – деді «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев өндіріс ошақтарының басшыларымен кездесуінде.
«Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі «Халал Сұлтан» ЖШС, «АҚ-НИЕТ» ШҚ, «АЛЕЛЬ АГРО» АҚ, «АНСАР ХАЛАЛ» ЖШС, «TurKus Global Trade» ЖШС кәсіпорындарына Діни басқарманың сертификатын берді.
ҚМДБ баспасөз бөлімі