Халал Даму: Бірқатар кәсіпорындар сертификатталды
Халал Даму: Бірқатар кәсіпорындар сертификатталды
5 жыл бұрын 2856 muftyat.kz halaldamu.kz «Халал Даму» ЖШС

Аптаның басынан бері «Халал Даму» мамандары Нұр-Сұлтан қаласы және Алматы облысына қарасты бірқатар кәсіпорындары сертификаттаудан өткізді.

Атап айтқанда, мұздатылған ет өнімдерін ұсынатын «QAZAQ MEAT» ет дүкені, фаст-фуд өнімдерін өндіруші «As-fast» асханасы, кондитерлік және мұздатылған жартылай дайын өнімдер өндірісімен айналысатын «Ramada» кәсіпорнында «Халал Даму» мамандары бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізді.

Кәсіпорындарды сертификаттау барысында қызметкерлерге халал өнім өндіру технологиясы, шариғат және халал стандартқа сай қызмет көрсетудің негізгі қағидалары мен ережелері түсіндіріліп, арнайы оқу-семинар өткізді.

Сертификаттау барысында, «Qazaq meat», «Ramada», «As-fast» мекемелерінің шикізат көздері, тағамдық қоспалары, өнімді өндіру, сақтау, тасымалдау, сату барысындағы қызметі толықтай «ҚМДБ халал» стандарт талаптарына сәйкестендірілді.

Мамандардың бірлесе жүргізген бақылау- қадағалау жұмыстарынан кейін, «Халал Даму» директоры А.Аташев «Qazaq meat», «Ramada», «As-fast» мекемелерінің басшыларына «ҚМДБ халал» сертификатын табыстады.

Алдағы уақытта, жергілікті жауапты өкіл және технолог мамандар сертификатталған кәсіпорындарда міндетті айлық тексеріс жұмыстарын жүргізеді.

0 пікір
Мұрағат