ДЕЗИНФЕКЦИЯЛЫҚ ӨНІМДЕР СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
|
Қостанай облысы, Рудный қаласында шығарылатын "МедиДез" дезинфекциялық өнімдері "QMDB HALAL" сертификатына ие болды. "МедиДез" ғылыми-өндірістік бірлестігінің 36 түрлі өнімі "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына" сай деп танылды. Сертификатты "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.
Аталған кәсіпорында сертификаттау жұмыстарын жүргізген технолог маман Айзат Сатаеваның айтуынша: "МедиДез өнімдері табиғатта кездесетін ауру қоздырғыш бактериялармен күресуге арналған тазартушы препараттар. Бұл өнімдер инфекциялық микробтардың таралу қаупін азайтуға көмектеседі. Инфекциялық аурулардың алдын алу үшін санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруда "МедиДез" дезинфекциялық өнімдері аса қажет".
"МедиДез" дезинфекциялық өнімдеріне лабороториялық сынақ жүргізіліп, толықтай тексерістен өткендігін және кәсіпорын өнімдері бекітілген халал стандарты талаптарына сай екендігін хабарлаймыз!