Бірнеше кәсіпорын сертификатталды
Бірнеше кәсіпорын сертификатталды
3 жыл бұрын 1153 halaldamu.kz
"Baraka" емдік-профилактикалық өнімдері сертификатталды 

"Sauda Trade LTD" кәсіпорнының "Baraka" сауда белгісімен шығарылатын емдік-профилактикалық өнімдері "QMDB Halal" сертификатына ие болды. Сертификатты "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады. Кәсіпорын өнімдері "Халал дәрілік заттар мен биологиялық белсенді қоспаларды өндіруге, сақтауға, тасымалдауға, және сатуға қойылатын жалпы талаптар" стандартына сай деп танылды. 

"Sauda Trade LTD" кәсіпорнының барлық өнімдері Шри-Ланканың "Bio Extracts" кәсіпорындарда шығарылады. Ал, "Baraka" сауда белгісі нарыққа 20 жылдай бұрын енгізілген. Қазіргі таңда сұйық және капсуладағы қара зере өнімдерін, кокос майын, крем және май өнімдерін шығарады.  Барлық өнімдер әлемнің 30 еліне экспорттауға мүмкіндік беретін 9 халықаралық сертификатқа ие.

"Baraka" өнімдеріне берілген "QMDB Halal" сертификаты 28.04.2022-27.04.2023 жылдары аралығында жарамды екенін хабарлаймыз.

«Хамле» кондитерлік өнімдері сертификатталды 

Еліміздегі алпауыт өндіріс орындарының бірі «Хамле Компани ЛТД «ШК» ЖШС кондитерлік кәсіпорны «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Аталған кәсіпорынның «Хамле», «Ulker», «McVitie’s Digestivies», «Alpella» сауда белгісімен шығарылатын 103 түрлі кондитерлік ұн және шоколад өнімдері «Халал өнімдерін өндіруге, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.

«Хамле Компани ЛТД «ШК» кәсіпорнын сертификаттау мақсатында бірнеше ай бойы екі жақты бірлескен шаралар жүргізілді. Шикізаттары мен тағамдық қоспалары зертханалық сынамадан өткізіліп, өндіріс аумағында аудит жұмыстары орындалды. Өнім өндіру, өңдеу технологиясы, дайын өнімдерді сақтау, тасымалдау, сату  кезеңдері де қарастырылып, нәтижесінде шариғат және халал стандарты талаптарына қайшы жағдайлар анықталмады. Толыққанды тексеріс шараларының оң қорытындысынан кейін «Хамле Компани ЛТД «ШК» кәсіпорнына сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды», – дейді сертификаттау шараларын жүргізген технолог маман Жаннат Ахметқызы.

«Хамле Компани ЛТД «ШК» ЖШС-на берілген «QMDB Halal» сертификаты 15.04.2022-14.04.2023 мерзімі аралығында жарамды.

Алматы: «My Pizza» фаст-фуд өнімдері сертификатталды 

Алматы қаласындағы «My Pizza» фаст-фуд өнімдері «Қоғамдық тамақтандыру қызметтері» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Технолог мамандардың зертханалық және аудиторлық тексерістерінің оң қорытындысынан кейін, «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Маратхан Мұхтарханұлы «My Pizza» фаст-фуд өнімдеріне «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

Сонымен қатар, дәмхана қызметкерлері мен басшылығына халал турасында оқу-семинары ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «My Pizza» фаст-фуд өнімдеріне берілген «QMDB Halal» сертификаты 27.04.2022-26.04.2023 мерзімі аралығында жарамды. Дәмхана мекен-жайы: Алматы қ., Биокомбинатская, 9.

Тараздағы бірқатар кәсіпорындар сертификат жаңартты 

Тараздағы ЖК «Пышка» жартылай фабрикат өнімдері, ЖК «Касымов» және ЖК «Назармухамедов» шұжық цехтары сертификаттарын жаңартты. Технолог және жергілікті инспектор-контролер мамандардың тексеріс жұмыстарының оң нәтижесінен кейін, «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Нұрмаджан Миразизов аталған кәсіпорын өкілдеріне «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

Айта кетейік, Тараз қаласы бойынша тұрақты түрде барлық кәсіпорындарды кезекті және кезектен тыс бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп келеді. Сонымен қатар, заңсыз пайдаланушыларға қарсы түсіндіру және ақпараттандыру шаралары да орындалуда.

Атыраудағы кәсіпорындар сертификатталды 

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мен «Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаев өңірдегі ЖК «Sogym Food» сауда белгісімен шығарылатын жартылай фабрикат өнімдері, «Lanzhou Атырау» дәмханасы, ЖК «Енжилов» «Дастан » ет дүкені, ЖК «Татишев Д.А» «Angel-in-us-coffee» және «Масалимова» «Afsona» қоғамдық тамақтану орындарына «QMDB Halal» сертификатын табыстады. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге халал турасында оқу-семинары жүргізілді.

«Өңірдегі халал кәсіпорындар ауқымын кеңейту мақсатында үздіксіз түрде үгіт-насихат, ақпараттандыру шаралары жүргізіліп келеді. Нәтижесінде қоғамдық тамақтану орындары мен өзге де өндіріс орындары күн санап артуда. Бүгінде технолог мамандардың қатысуымен «Sogym Food», «Lanzhou Атырау», «Angel-in-us-coffee», «Afsona» кәсіпорындар аумағына бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, бірқатар өнімдер зертханалық сынамадан өткізілді. Аудит шараларының оң нәтижесінен кейін, аталған кәсіпорындар «Халал өнімдерді өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» және «Қоғамдық тамақтану қызметтері» стандартына сай деп танылды», – дейді Алтынбек Ұтысханұлы.

0 пікір
Мұрағат