Бас мүфти бірқатар кездесулер өткізді
Бас мүфти бірқатар кездесулер өткізді
10 жыл бұрын 3053

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Астанада Түркияның Қазақстандағы елшілігінің діни істер бойынша кеңесшісі Ибраһим Йылмазды және Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Айдар Әбуовты қабылдады.

Кездесуде қоғамда бірлік пен бейбітшілік, татулық пен тұрақтылық орнатуда діннің маңызды рөлі сөз болды. Бас мүфти Түркия елшілігі өкіліне Ислам құндылықтары туралы кітаптарды қазақ тіліне аудару қажеттілігін айтты. Сондай-ақ Түркияның іргелі діни оқу орындарында имамдарды оқыту мәселесі де талқыланды. Ибраһим Йылмаз бұл ұсынысты қолдайтынын жеткізді.

Айта кетейік, екі елдің Діни басқармалары қабылдаған меморандумға сәйкес, бүгінде Түркияда «Хасеки» оқу орнында елімізден барған 50-ден астам имам-молдалар білімдерін жетілдіруде.

www.muftyat.kz 

0 пікір
Мұрағат