Ауыл халқы өз күшімен мешіт салды (фото)
|
Мәуліт мерекесі қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, «Ақмектеп» ауылында жаңа мешіт ашылып, еліміздегі діни құлшылық ордасы тағы бір мешітпен толықты. Айта кетерлігі, жаңа мешітті ауыл халқы ұжымдасып, аз уақытта өз күштерімен салып шықты.
Жаңа мешіттің ашылу салтанатына белгілі ақсақалдар, қайраткерлер, аудан басшылығы қатысты.
Өкілдік атынан қатысып сөз сөйлеген Тарбатай аудандық «Байжігіт баба» мешітінің бас имамы Аманкелді Жарасов:
«Ардақты пайғамбарымыздың өмірге келген Мәуліт айында жаңа мешіт ел игілігіне беріліп отыр. Бұл үлкен мәртебе. Бұның барлығы Тәуелсіздіктің арқасы. Мешіт ауылдың діни ғана емес рухани ордасы болуы тиіс. Сіздер өз ынтымақ-бірліктеріңізді көрсетіп, осынау мешітті салып, зор парыздарыңызды орындап отырсыздар. Бұл басқаларға да үлгі»,- дей келе, жиналған халықты құттықтап, ізгі тілегін айтты.
Салтанатты шарада аудан басшысы жаңа мешітті салған ауыл халқына өз алғысын білдірді.
«Ақмектеп» ауылында ашылған бұл мешіт толықтай жабдықталып, жамағаттың құлшылық жасауына барлық мүмкіндіктер қарастырылған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғыз имамдары жаппай темір тұлпарды тізгіндейтін болады
■
Әзірбайжан «Ислам сегіздігі» құрамына кірді
■
Орта Азия елінде әкелерге декреттік (ақылы) демалыс берілуі мүмкін
■
Етті тұтынудан моңғолдар әлемде екінші орыннан көрінді. Бірінші орында қай ел тұр?
■
Әлемдегі еңбек мигранттарының қарасы 30 млн адамға жетті